Өскеменде полиция қызметкерін өлтіріп кетті

© Sputnik / Абзал КалиевДрака, иллюстративное фото
Драка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Жазылу
Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті
АЛМАТЫ, 6 қазан — Sputnik. Өскеменде полиция қызметкері кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 4 қазанға қараған түні дәмханалардың бірінде болған.
"Дәмханаға келгендердің бірі тәртіпке шақырған 40 жастағы жергілікті тұрғынға дене жарақатын салған. Ол алған жарақаттары салдарынан көз жұмды. Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаза тапқан азамат полиция қызметкері болған. Полицияның мәліметінше, оқиға кезінде ол қызметте болмаған.
Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Жамбыл облысында полицей қызметте жүріп көз жұмды
Жаңалықтар
0