Мүлік пен табыс сәйкес келмесе, айырмашылықты түсіндіру қажет – вице-министр

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуЖенщина открывает дверь
Женщина открывает дверь - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Жазылу
Салық органдары азаматтардың мүлкі мен табысы туралы мәліметтерді салыстыра алады
АСТАНА, 6 қазан — Sputnik. Қаржы министрлігі мүлік пен табысты салыстыру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі уақытта Smart Data Finance жүйесі аясында 80 ақпарат көзінен мәлімет жиналады. Оның ішінде жылжымайтын мүлік, көлік, жер және басқа да активтер туралы ақпарат бар. Осылайша, әрбір қазақстандықтың мүлкі мен табысын салыстыруға мүмкіндік бар.
"Салық кодексінде нақты әдістемелер бекітілген. Салық органдары белгілі бір мәліметтерді салыстыра алады. Сондықтан басқа табыс көздері болса, декларация тапсырып, сол табысты көрсетуге болады. Бірақ мүлік пен табыс арасындағы айырмашылық тым үлкен болып, соған қарамастан жылжымайтын мүлік пен көлік сатып алынса, сұрақтар туындайды. Біз мүлік пен табысты салыстырып, осы айырмашылықты көре аламыз. Бұл айырмашылықты растау қажет, содан кейін тиісті салықты төлеу керек. Сонда мәселе шешіледі", -деді Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов үкіметте өткен брифингте.
Ал мобильді аударымдарға қатысты шектеулер бар. "Банк құпиясы туралы" заңға сәйкес, мобильді аударымдар туралы ақпарат құпия болып саналады. Сондықтан салық органдары оны толық көлемде көре алмайды.
"Кейбір жағдайларда ғана аударымдар туралы ақпаратты көре аламыз. Оның өзінде толық мәлімет берілмейді", - деп атап өтті вице-министр.
Мади Такиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Экономика
Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты
Жаңалықтар
0