Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаВ Астане ликвидировали возгорание пяти автомобилей
В Астане ликвидировали возгорание пяти автомобилей - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Жазылу
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел сөндірді
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Астанада бес жеңіл көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
"Бүгін Сарайшық ауданындағы Байтұрсынов көшесінде, тұрғын үй кешенінің жанындағы көшедегі автотұрақта бес жеңіл көлік өртенді", - делінген хабарламада.
Құтқарушылардың мәліметінше, алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде көліктердің барлығы жанып жатқан.
"Қатты желдің салдарынан өрт жақын маңда тұрған көліктерге тез тарады", - деп атап өтті ведомство.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минут ішінде жетіп, өртті жедел сөндірді. Құтқарушылардың айтуынша, өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Дөңгелек - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Видео
Солтүстік Қазақстанда көлік өртеніп кетті: жолаушылар ішінде қалып, жүргізуші қашып кеткен
Жаңалықтар
0