https://sputnik.kz/20261006/arip-tanymaydy-oralda-10-zhastagy-bala-qoqys-alanynda-omir-surgen-67341875.html
"Әріп танымайды": Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген
"Әріп танымайды": Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген
Sputnik Қазақстан
Сот шешімімен баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды 06.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-06T14:15+0500
2026-10-06T14:15+0500
2026-10-06T14:15+0500
орал
бала
қоқыс
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28808534_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_7dd1a42886cc94bfdcadcf12ccc114b5.jpg
АЛМАТЫ, 6 қазан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген, деп хабарлайды облыстық сот.Бала туғаннан бері анасымен бірге қалалық қоқыс алаңында тұрған. Анасы жүйелі түрде ішімдік ішіп, әлеуметтік жағдайы қолайсыз ортада өмір сүрген.Облыстық білім басқармасының "Отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылы" КММ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа баланың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы жүгінген.Кейін қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша баланы ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледжіне жіберу ұсынылып, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының қамқорлығына берілген.Сот отырысы кезінде баланың анасымен байланысу мүмкін болмаған. Әйел ата-ана құқығынан айырылды.
https://sputnik.kz/20230816/almatyda-maugli-balalar-tabyldy-37710257.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/1b/28808534_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_2af20536b3bd25988c54170ff6701f01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, бала, қоқыс
"Әріп танымайды": Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген
Сот шешімімен баланың анасы ата-ана құқығынан айырылды
АЛМАТЫ, 6 қазан — Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген, деп хабарлайды облыстық сот.
Бала туғаннан бері анасымен бірге қалалық қоқыс алаңында тұрған. Анасы жүйелі түрде ішімдік ішіп, әлеуметтік жағдайы қолайсыз ортада өмір сүрген.
Облыстық білім басқармасының "Отбасылық үлгідегі облыстық балалар ауылы" КММ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа баланың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы жүгінген.
"Бала еш жерде оқымаған, әріп танымайды, жаза алмайды. Қоқыстан тамақтанып, қоқыстан киім киген. Былтыр баланы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия Орал қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығына орналастырған", - дейді сот.
Кейін қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы бойынша баланы ақыл-ойы бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледжіне жіберу ұсынылып, облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылының қамқорлығына берілген.
"Бала аталған мекемелерде болған уақытта анасы оған бір де бір рет бармаған. Ал ішкі істер органдарының өкілдері оның тұрғылықты жеріне барған кезде, анасы екі ер адаммен бірге мас күйде болған", - дейді Батыс Қазақстан облысының соты.
Сот отырысы кезінде баланың анасымен байланысу мүмкін болмаған. Әйел ата-ана құқығынан айырылды.