Алматы облысында мешітте оқушыларды ұрып-соққан

© Sputnik / Тимур БатыршинКупол мечети
Купол мечети - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Жазылу
Оқиға жазғы діни сауат ашу сабақтары өтіп жатқан кезде болған
АЛМАТЫ, 6 қазан – Sputnik. Алматы облысының Қарасай ауданында медресе мұғалімі оқушыларды ұрып-соққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Кадрларда мешітте оқытушының балаларды ұрып-соққаны көрінеді. Ол балаларды шашынан сүйреп, жерге жатқызып, ұрған.
Оқиға мешітте жазғы діни сауат ашу сабақтары өтіп жатқан кезде болған. ҚМДБ мәліметінше, оқушылар арасында жанжал туындаған. Мешіт оқытушысы Дүйсехан Нұрберді балаларды тәртіпке шақыру кезінде эмоцияға беріліп, педагогикалық әдепке сай келмейтін әрекет жасаған.
"Оқытушы өз қателігін мойындап, оқушылардың ата-аналарынан кешірім сұрады. Ата-аналар мұғалімге қатысты шағымдары жоқ екенін жазбаша түрде растады", — дейді ҚМДБ.
Оқиғадан кейін мешіт оқытушысы қызметінен босатылды.
Верующий перед намазом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2023
Мешітте баланы ұрған имам жұмыстан шығарылды
Жаңалықтар
0