Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья сотталды

Здание СИЗО-72 в Алматы
Здание СИЗО-72 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Жазылу
Олар биылғы жылдың қаңтарында ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ұсталған
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы мен судьяға қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
"18 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертайға қатысты сот үкімі шығарылып, оларға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - деп жазылған хабарламада.
Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Атап айтсақ, биылғы жылдың қаңтарында бұларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ҰҚК ұстаған болатын.
Суд, правосудие - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Алматы облысында судья мен сот приставы жемқорлық үшін сотталды
Жаңалықтар
0