Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту үшін электронды кезек енгізіліп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинКезек нөмірі
Кезек нөмірі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Жазылу
Электронды кезек жобасы алдымен Ақмола облысында іске қосылды
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қазақстанда медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) жүзбе-жүз өту үшін электронды кезек енгізіліп жатыр, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жаңа сервис азаматтарға қабылдауға алдын ала жазылып, өзіне ыңғайлы күн мен уақытты таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте кезекте ұзақ уақыт күтудің қажеті жоқ.
Электронды кезек жобасы алдымен Ақмола облысында іске қосылды. Кейін бұл сервис Алматы қаласында да енгізілді.
"2026 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша электронды кезекті Ақмола облысында 2 580 адам, ал Алматы қаласында 3 030 адам пайдаланған", - дейді министрлікте.
Электронды кезекке Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы жазылуға болады. Ол үшін бірнеше қарапайым қадамды орындау қажет.
Егер азамат белгіленген уақытта келмесе, кезек автоматты түрде жойылады. Бұл туралы да тиісті хабарлама жіберіледі.
Электронды кезек жүйесі медициналық-әлеуметтік сараптамадан өтуді жеңілдетіп, азаматтардың күту уақытын қысқартуға және қабылдауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Жоба екі өңірде іске асырылғаннан кейін оның нәтижелері сараланып, электронды кезекті еліміздің барлық өңіріне енгізу мәселесі қаралады.
Жедел жәрдем көлігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Қазақстандықтар енді жедел жәрдем көлігінің қозғалысын онлайн бақылай алады
Жаңалықтар
0