https://sputnik.kz/20261005/mugalim-shakirt-kozimen-oqushylar-ustazynan-ne-kutetinin-aytty-67308143.html
Мұғалім шәкірт көзімен: оқушылар ұстазынан не күтетінін айтты
Мұғалім шәкірт көзімен: оқушылар ұстазынан не күтетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Оқушылардың пікіріне қарағанда, жақсы мұғалім білім беріп қана қоймай, шәкіртін тыңдай білуі керек 05.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-05T12:35+0500
2026-10-05T12:35+0500
2026-10-05T12:35+0500
мұғалімдер күні
мұғалім
оқушы
https://sputnik.kz/img/591/96/5919658_0:41:2017:1175_1920x0_80_0_0_1a1de683081f6a1e18f0e7ae4c9377e5.jpg
АЛМАТЫ, 5 қазан – Sputnik. Ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас әрдайым бірдей бола бермейді. Бірі мұғалімін жақсы көрсе, енді бірі қаталдығын ұнатпауы мүмкін. Ал оқушылардың өздері мінсіз мұғалімді қалай елестетеді? Sputnik Қазақстан тілшісі осы сұрақты мектеп оқушыларына қойып көрді.11-сынып оқушысы Досжанның айтуынша, мұғалім ең алдымен өзінің ұстаз екенін түсінуі керек.Біз пікірін білген оқушылардың барлығы дерлік мұғалімінің мейірімді болғанын қалайды. Олардың сөзін тыңдап, жауап беріп жатқанда сөзін бөлмей, соңына дейін тыңдағанын маңызды санайды. Сонымен қатар оқушылар ұстаздарының әрдайым ұқыпты әрі әдемі жүргенін де қалайды.Шәкірт жадында қалған сәттерДосжан бір кездері сынып жетекшісін ауыстыруды сұрағанын, кейін бұл әрекетіне өкінгенін айтады.Ал Демеу есімді оқушы бірде мұғалімінің өз сөзін тыңдамағанын айтып берді.Ал Дамир бір ұстазына алғысын білдіргісі келсе, екінші мұғаліміне қатысты шағым жазбақ болғанын айтады."Назерке апайымыз өте жақсы, таза адам. Анам нан пісіргенде, оған нан апарғым келеді. Ал Диана деген ағылшын тілі пәнінің мұғалімінің үстінен арыз жазбақ болдым. Өйткені ол мені бір қыздың қасына отырғызды. Кейін татуластық", – дейді ол.
https://sputnik.kz/20261005/5-qazan--mugalimder-kuni-merekenin-tarikhy-men-qyzyqty-derekter-67287471.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/591/96/5919658_99:0:1854:1316_1920x0_80_0_0_4c038f1773ab1d6b56013ae1f9c10410.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
мұғалімдер күні, мұғалім, оқушы
мұғалімдер күні, мұғалім, оқушы
Мұғалім шәкірт көзімен: оқушылар ұстазынан не күтетінін айтты
Оқушылардың пікіріне қарағанда, жақсы мұғалім білім беріп қана қоймай, шәкіртін тыңдай білуі керек
АЛМАТЫ, 5 қазан – Sputnik. Ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас әрдайым бірдей бола бермейді. Бірі мұғалімін жақсы көрсе, енді бірі қаталдығын ұнатпауы мүмкін. Ал оқушылардың өздері мінсіз мұғалімді қалай елестетеді?
Sputnik Қазақстан тілшісі осы сұрақты мектеп оқушыларына қойып көрді.
11-сынып оқушысы Досжанның айтуынша, мұғалім ең алдымен өзінің ұстаз екенін түсінуі керек.
"Оның алдында біреудің баласы, біреудің болашақ күйеуі, атасы, әкесі отыр. Мұғалім соны білуі керек", – дейді ол.
Біз пікірін білген оқушылардың барлығы дерлік мұғалімінің мейірімді болғанын қалайды. Олардың сөзін тыңдап, жауап беріп жатқанда сөзін бөлмей, соңына дейін тыңдағанын маңызды санайды. Сонымен қатар оқушылар ұстаздарының әрдайым ұқыпты әрі әдемі жүргенін де қалайды.
"Тым мейірімді де, тым қатал да болмауы керек. Бірақ маған күнде "5" деген баға қоя берсе, оған қарсы емеспін", – дейді 9-сынып оқушысы Дамир.
Шәкірт жадында қалған сәттер
Досжан бір кездері сынып жетекшісін ауыстыруды сұрағанын, кейін бұл әрекетіне өкінгенін айтады.
"Біз ол кісіні ренжітіп алдық. Кейін кешірім сұрап, татуластық. Біздің Нұрсұлу апай өте жақсы адам ғой", – дейді Досжан.
Ал Демеу есімді оқушы бірде мұғалімінің өз сөзін тыңдамағанын айтып берді.
"Мен сыныптасыммен төбелесіп қалған едім. Мұғалім менің сөзімді тыңдамай, екеумізді де ұрысты. Мен ол кісінің алдымен мені тыңдағанын қаладым", – дейді Демеу.
Ал Дамир бір ұстазына алғысын білдіргісі келсе, екінші мұғаліміне қатысты шағым жазбақ болғанын айтады.
"Назерке апайымыз өте жақсы, таза адам. Анам нан пісіргенде, оған нан апарғым келеді. Ал Диана деген ағылшын тілі пәнінің мұғалімінің үстінен арыз жазбақ болдым. Өйткені ол мені бір қыздың қасына отырғызды. Кейін татуластық", – дейді ол.