https://sputnik.kz/20261005/internet-alayaqtardan-zardap-shekkenderge-65-mlrd-tengeden-astam-qarazhat-qaytaryldy-67317601.html
Интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 6,5 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды
Интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 6,5 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Олардың жолын кесу мақсатында 8,7 мың алаяқтық және фишингтік сайт, сондай-ақ 187 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталды 05.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-05T16:02+0500
2026-10-05T16:02+0500
2026-10-05T16:19+0500
президент
алаяқтық
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/05/67317362_23:0:1266:699_1920x0_80_0_0_3db701b09bc15214a94e0efc6d562016.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Ержан Сәденов биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендегені жөнінде мәлімет берді.Министрдің мәліметінше, өткен жылдары 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылғанын айтты. Сонымен қатар іздеуде жүрген 1039 адам табылып, сырт елдерде бой тасалап жүрген 154 адам ұсталды. Шет мемлекеттердің сұрауы бойынша Қазақстан аумағында 537 қылмыскер құрықталды.Ішкі істер министрлігі тергеп жатқан қылмыстық істер бойынша жыл басынан бері 49 миллиард теңге қайтарылғаны жөнінде айтты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,5 пайызға көп.Ал бейнебақылау желісінің көмегімен 2,2 мыңнан астам адам анықталып, ұсталған. Цифрлық шешімдер жол-көлік оқиғаларының санын 5 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар қаза тапқандар саны 16 пайызға, жарақат алғандар 7 пайызға азайған.Мемлекет басшысы елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.
https://sputnik.kz/20260908/sheteldik-dropperlerdi-tartqan-almatyda-internet-kazino-uyymdastyrgandar-ustaldy--66462792.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/05/67317362_179:0:1111:699_1920x0_80_0_0_454ac311361eebd98c395d6e3984b136.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, алаяқтық, қылмыс
президент, алаяқтық, қылмыс
Интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге 6,5 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды
16:02 05.10.2026 (жаңартылды: 16:19 05.10.2026) Олардың жолын кесу мақсатында 8,7 мың алаяқтық және фишингтік сайт, сондай-ақ 187 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталды
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Ержан Сәденов биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 15 пайызға төмендегені жөнінде мәлімет берді.
"Нақты айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда азайған қылмыс саны 11 мыңнан асады. Қылмыстың аса ауыр түрлері, сондай-ақ қоғамдық орындарда, көшелерде, отбасылық-тұрмыстық салада, кәмелетке толмағандар мен бұрын сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар кеміген", - деп жазылған хабарламада.
Министрдің мәліметінше, өткен жылдары 2,5 мыңнан астам қылмыс ашылғанын айтты. Сонымен қатар іздеуде жүрген 1039 адам табылып, сырт елдерде бой тасалап жүрген 154 адам ұсталды. Шет мемлекеттердің сұрауы бойынша Қазақстан аумағында 537 қылмыскер құрықталды.
Ішкі істер министрлігі тергеп жатқан қылмыстық істер бойынша жыл басынан бері 49 миллиард теңге қайтарылғаны жөнінде айтты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,5 пайызға көп.
"Интернет-алаяқтықтан зардап шеккен азаматтарға 6,5 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылған. Мұндай қылмыстың саны 21 пайызға азайды. Олардың жолын кесу мақсатында 8,7 мың алаяқтық және фишингтік сайт, сондай-ақ 187 миллион алаяқтық қоңырау бұғатталды", - деп хабарлады Ақорда.
Ал бейнебақылау желісінің көмегімен 2,2 мыңнан астам адам анықталып, ұсталған. Цифрлық шешімдер жол-көлік оқиғаларының санын 5 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар қаза тапқандар саны 16 пайызға, жарақат алғандар 7 пайызға азайған.
Мемлекет басшысы елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.