Жол тайғақ болуы мүмкін: Ақтөбе полициясы ескерту жасады

© Sputnik / Санат ИмангалиевМетель на дорогах
Метель на дорогах - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2026
Жазылу
Қазіргі уақытта өңір аумағында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жаңбыр аралас қар жауып, көріну қашықтығы төмендеп, жолдар тайғақ болуы мүмкін
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Ақтөбе полициясы ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта өңір аумағында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жаңбыр аралас қар жауып, көріну қашықтығы төмендеп, жолдар тайғақ болуы мүмкін.
"Осыған байланысты жүргізушілерден жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көліктер арасындағы арақашықтықты ұлғайтуды, қауіпті маневрлерден бас тартуды және жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында.
Полиция өкілдері алыс жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын нақтылап, көліктің техникалық жағдайын тексеріп алуға шақырады.
Заморозок - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2026
Үсік, бұрқасын, көктайғақ: қазанда ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0