https://sputnik.kz/20261004/darigerdin-qateliginen-zardap-shekken-patsientterge-500-mln-tengeden-astam-qarazhat-tolendi-67291774.html
Дәрігердің қателігінен зардап шеккен пациенттерге 500 млн теңгеден астам қаражат төленді
Дәрігердің қателігінен зардап шеккен пациенттерге 500 млн теңгеден астам қаражат төленді
Sputnik Қазақстан
Қаржы міндетті сақтандыру шеңберінде берілді 04.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-04T17:20+0500
2026-10-04T17:20+0500
2026-10-04T17:20+0500
денсаулық сақтау министрлігі
міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58015754_0:203:1280:923_1920x0_80_0_0_b97a291f560844d70799bd426c1aa0e9.jpg
АСТАНА, 4 қазан - Sputnik. Соңғы екі жылдың ішінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберінде пациенттер мен олардың отбасыларына сақтандыру төлемдері ретінде 502,6 млн теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі."Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы" заң 2024 жылғы қазан айында күшіне енді. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 178 296 медицина қызметкері сақтандырылған. Оның ішінде 155 856-сы мемлекеттік медициналық ұйымдарда, тағы 22 440-ы жекеменшік ұйымдарда еңбек етеді. Айтуларынша, егер пациент немесе оның заңды өкілі медициналық көмек көрсету барысында өмірі мен денсаулығына зиян келтірілді деп есептесе, медициналық ұйымға жүгінуге құқылы. Сарапшылар медициналық құжаттаманы және медициналық көмек көрсету жағдайларын зерделейді. Сақтандыру жағдайы расталған кезде сақтандыру төлемін заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымы пациентке немесе оның өкіліне төлейді. Осылайша, бұл тетік зиян келтірілгені расталған жағдайларды заңда белгіленген тәртіппен реттеуге мүмкіндік береді. Пациент сақтандыру төлемін алады, ал медицина қызметкері оны өз қаражаты есебінен өтеу қажеттілігінен қорғалады.
https://sputnik.kz/20260131/qazaqstandyqtardyn-90-dan-astamy-meditsinalyq-saqtandyru-zhuyesine-qosyldy-60837114.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/12/58015754_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_293ae7e1c672b6f2e4374f1217b34475.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
денсаулық сақтау министрлігі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Дәрігердің қателігінен зардап шеккен пациенттерге 500 млн теңгеден астам қаражат төленді
Қаржы міндетті сақтандыру шеңберінде берілді
АСТАНА, 4 қазан - Sputnik. Соңғы екі жылдың ішінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру шеңберінде пациенттер мен олардың отбасыларына сақтандыру төлемдері ретінде 502,6 млн теңгеден астам қаражат төленді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
"Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру туралы" заң 2024 жылғы қазан айында күшіне енді.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 178 296 медицина қызметкері сақтандырылған. Оның ішінде 155 856-сы мемлекеттік медициналық ұйымдарда, тағы 22 440-ы жекеменшік ұйымдарда еңбек етеді.
"Жыл басынан бері медициналық ұйымдар 1 867 сақтандыру шартын жасасты. Бұл тетік медициналық көмек көрсету кезінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян расталған жағдайда оған сақтандыру төлемін алуға, ал медицина қызметкерлеріне тиісті қауіптерден қаржылық қорғануға мүмкіндік береді", - дейді министрлік.
Айтуларынша, егер пациент немесе оның заңды өкілі медициналық көмек көрсету барысында өмірі мен денсаулығына зиян келтірілді деп есептесе, медициналық ұйымға жүгінуге құқылы. Сарапшылар медициналық құжаттаманы және медициналық көмек көрсету жағдайларын зерделейді. Сақтандыру жағдайы расталған кезде сақтандыру төлемін заңнамада белгіленген тәртіппен сақтандыру ұйымы пациентке немесе оның өкіліне төлейді.
"Бұл ретте пациент аталған соманы медицина қызметкерінен тікелей өндіріп алудың қажеті жоқ. Медицина қызметкерлері үшін де сақтандыру қаржылық қорғауды қамтамасыз етеді: сақтандыру медициналық ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асырылады, ал сақтандыру жағдайы туындаған кезде белгіленген шектерде төлемді сақтандыру компаниясы жүргізеді", - делінген хабарламада.
Осылайша, бұл тетік зиян келтірілгені расталған жағдайларды заңда белгіленген тәртіппен реттеуге мүмкіндік береді. Пациент сақтандыру төлемін алады, ал медицина қызметкері оны өз қаражаты есебінен өтеу қажеттілігінен қорғалады.