Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 қазан

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 4 қазан
Күнтізбе - 4 қазан - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2026
Жазылу
4 қазан күні не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

4 қазанда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлем халқы Дүниежүзілік жануарларды қорғау күнін тойлайды. 1226 жылы 4 қазанда жануарлардың қорғаушысы саналатын әулие Франциск Ассизский қайтыс болған еді. Франциск атындағы жүлде табиғатты қорғау саласындағы ерен еңбегі үшін беріледі. Жануарларды қорғау күнін мерекелеу туралы шешім 1931 жылы Флоренцияда Халықаралық табиғатты қорғау қозғалысын жақтаушылар конгресінде қабылданған. Әлемнің көптеген елі осы күні жыл сайын жануарлар күнін атап өтуге және түрлі бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыруға келісті.
4 қазанда еліміздің Қарулы күштерінің зымыран әскерлері мен артиллериясының мамандары кәсіби мерекені атап өтеді. 2000 жылы дәл осы күні Қорғаныс министрінің директивасына сәйкес, Зымыран әскерлері мен артиллерия қолбасшысының басқармасы құрылды.
Бүгінгі таңда Зымыран әскерлері мен артиллерия Құрлық әскерлерінің құрамына кіреді және жалпы әскери іс-қимылда қарсыласты атудың негізгі құралы болып табылады.
Олардың жауынгерлік күшінің негізін тактикалық зымырандардың, оқпан мен реактивті артиллерияның, минаатқыштар құрамалары, әскери бөлімдері мен бөлімшелері құрайды.

4 қазанда әлемде болған тарихи оқиғалар

1675 жылы қалта сағаты патенттелді;
1812 жылы Крымда Никитинский ботаникалық бау-бақшасының негізі қаланды;
1916 жылы Романов-на-Мурмане қаласының негізі қаланды, қазір шаһар Мурманск деп аталады;
1957 жылы Жердің алғашқы жасанды серігі ұшырылды.
2001 жылы Қара теңіз үстінде "Сибирь" әуе компаниясының Ту-154 ұшағы апатқа ұшырап, 78 адам қаза тапты;
2010 жылы Венгрияның Айка қаласы маңында қызыл шлам сақтайтын бөгет жарылып, ірі экологиялық апат болды.

Қазақстанда 4 қазанда болған тарихи оқиғалар

1991 жылы Гурьев қалалық халық депутаттары кеңесі облыс орталығының атауын Атырау қаласы деп өзгерту туралы шешім қабылдады;
1994 жылы Ангола Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды;
1995 жылы Қазақстан Республикасы 1961 жылғы Сыртқы сауда арбитражы туралы Еуропа конвенциясына қосылды.

4 қазанда әлемде туған танымал тұлғалар

1822 жылы АҚШ-тың 19-президенті Ратерфорд Б. Хейс дүниеге келді;
1847 жылы кеңестік кино әртісі, кинорежиссер, сценарийші, педагог Александра Хохлова дүниеге келді (фильмдері: "Необычайные приключения мистера Веста в стране большевиков", "Великий утешитель" картинасында Дульсидің, ал "Большевики" фильмінде Пелагеяның рөлін сомдады);
1861 жылы америкалық суретші, мүсінші және иллюстратор Фредерик Ремингтон дүниеге келді;
1895 жылы Кеңес одағының нөмірі 1 барлаушысы, 1933-1941 жылдарда Жапониядағы кеңестік барлаудың резиденті, Кеңес Одағының батыры Рихард Зорге өмірге келді;
1895 жылы америкалық актер, комик әрі кинорежиссер Бастер Китон дүниеге келді (үнсіз кино дәуірінің аса көрнекті тұлғаларының бірі, "Ұлы тас жүз" лақап атымен танымал);
1923 жылы америкалық актер Чарлтон Хестон дүниеге келді ("Он өсиет", "Бен-Гур" фильмдеріндегі басты рөлдерімен танымал, "Бен-Гур" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алған);
1937 жылы америкалық жазушы Джеки Коллинз дүниеге келді (әйелдер тағдыры мен шоу-бизнес әлемі туралы романдарымен танымал);
1956 жылы австриялық-германиялық актер Кристоф Вальц дүниеге келді ("Бесславные ублюдки" және "Джанго освобожденный" фильмдеріндегі рөлдері үшін екі рет "Оскар" сыйлығын алған);
1967 жылы америкалық актер Лив Шрайбер дүниеге келді ("Люди Икс: Начало. Росомаха", "Прожектор" фильмдеріндегі рөлдерімен танымал);
1989 жылы америкалық актриса Дакота Джонсон дүниеге келді ("Пятьдесят оттенков серого" фильмдер сериясындағы Анастейша Стил рөлімен танымал);
1996 жылы британдық актриса Элла Балинска дүниеге келді ("Ангелы Чарли" фильміндегі Джейн Кано рөлімен танымал).

4 қазанда Қазақстанда кімдер туды

1904 жылы ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбай Кенжебаев өмірге келді;
1943 жылы дирижер, сазгер, музыкатанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Тимур Мыңбаев дүниеге келді;
1951 жылы ақын, аудармашы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Бақытжан Қанапиянов туды.
1951 жылы мемлекет қайраткері, дипломат, Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы бұрынғы төтенше және өкілетті елшісі Амангелді Жұмабаев дүниеге келді.
Жаңалықтар
0