Астанада көпқабатты үйден тұрғындар эвакуацияланды

© Төтенше жағдайлар министрлігіАстанада көпқабатты үйден тұрғындар эвакуациаланды
Астанада көпқабатты үйден тұрғындар эвакуациаланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2026
Жазылу
Тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан тігін бөлмесінде өрт шыққан
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Астана қаласы Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды төиенше жағдайлар министрлігі.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері барған кезде бірінші қабаттағы пәтердің ішінде ашық жалын байқалып, қою түтін болған.
Өрт орнында құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында ашық жалын басылып, өрт оқшауланды.
Нақтыланған мәлімет бойынша, тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан тігін бөлмесінен өрт шыққан. Өрттің аумағы 50 шаршы метрді құрады.

ТЖМ қызметкерлері үш буынды саты мен автосатыны пайдалана отырып, жоғарғы қабаттардан 17 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды.

Зардап шеккендер жоқ.
Пожар унес жизни мужчины и несовершеннолетнего ребенка в Северо-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2026
Видео
Семейде ағаш кесу цехынан өрт шықты
Жаңалықтар
0