Қонаевта құтқарушылар пәтерде жалғыз қалған баланы құтқарды

© Sputnik/Ертай СарбасовГород Конаев
Город Конаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2026
Жазылу
Құтқарушылар баланы аман-есен ата-анасына тапсырды
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қонаев қаласында пәтерде жалғыз қалған балаға құтқарушылар көмек көрсетті.
Төтенше жағдайлар қызметіне 2020 жылы туған баланың үйде қараусыз қалғаны туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үш иінді сатының көмегімен екінші қабаттағы балкон арқылы пәтерге кірді", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылар баланы аман-есен ата-анасына тапсырды. Балаға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды. Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.
Автомобиль горел на левобережье столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2024
Астанада ер адам жанып жатқан көліктен үш баланы құтқарды
Жаңалықтар
0