https://sputnik.kz/20261003/qazaqstan-turki-memleketterinin-zhelilik-meditsinalyq-universitetin-qurudy-usyndy-67281651.html
Қазақстан түркі мемлекеттерінің желілік медициналық университетін құруды ұсынды
Қазақстан түркі мемлекеттерінің желілік медициналық университетін құруды ұсынды
Sputnik Қазақстан
Ынтымақтастықтың жаңа форматтары жас медицина мамандарын оқыту мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңір елдерінде заманауи медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға... 03.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-03T18:32+0500
2026-10-03T18:32+0500
2026-10-03T18:32+0500
медицина
түркі мемлекеттері ұйымы
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/03/67280429_0:38:1280:758_1920x0_80_0_0_39889cea228f7fe7a06bda4b6f425c8d.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстан түркі мемлекеттерінің жетекші медициналық университеттерін біріктіріп, дәрігерлерді бірлесіп даярлау, мамандар алмасу және медициналық ғылымды дамыту үшін Түркі мемлекеттерінің желілік университетін құруды ұсынды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.Жұмысты үйлестіру үшін ол ТМҰ Хатшылығы жанынан Медициналық білім беру жөніндегі үйлестіру кеңесін құруды да ұсынды.Сонымен қатар Әлназарова жас ғалымдарға, докторанттар мен резидент-дәрігерлерге арналған гранттық бағдарламаны құруды және сұранысқа ие медициналық мамандықтар бойынша бірлескен тағылымдамаларды дамытуды ұсынды.Басым бағыттардың қатарында балалар кардиохирургиясы, трансплантология, нейрохирургия және онкогематология бар.Алғашқы медициналық-санитариялық көмек пен отбасылық медицина саласындағы ынтымақтастық туралы айта келе, министр ауылдық және шекара маңындағы аудандарда жұмыс істейтін дәрігерлерге арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын, көшпелі мектептер мен қысқа мерзімді тағылымдамаларды ұйымдастыруды да ұсынды.Қазақстандық дәрігерлер бірлескен операциялар жасап, пациенттерге консультациялар беріп, заманауи медициналық технологияларды қолдану тәжірибесін алмасты.Мұндай өзара іс-қимыл кәсіби байланыстарды нығайтуға және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың практикалық әрі ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал етеді.Қазақстан осындай бағдарламаларды тұрақты түрде өткізуді және бірлескен медициналық миссиялар тәжірибесін ТМҰ-ның басқа да мемлекеттеріне таратуды ұсынды.
https://sputnik.kz/20260122/meditsina-mekemeleri-qayta-tekserile-bastaydy-60602709.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/03/67280429_110:0:1170:795_1920x0_80_0_0_924785c29054a09a32565c97f34a9fe9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
медицина, түркі мемлекеттері ұйымы
медицина, түркі мемлекеттері ұйымы
Қазақстан түркі мемлекеттерінің желілік медициналық университетін құруды ұсынды
Ынтымақтастықтың жаңа форматтары жас медицина мамандарын оқыту мүмкіндіктерін кеңейтіп, өңір елдерінде заманауи медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстан түркі мемлекеттерінің жетекші медициналық университеттерін біріктіріп, дәрігерлерді бірлесіп даярлау, мамандар алмасу және медициналық ғылымды дамыту үшін Түркі мемлекеттерінің желілік университетін құруды ұсынды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
"Қазақстан Түркі мемлекеттерінің желілік университетін құруды ұсынды. Ол ТМҰ елдерінің жетекші медициналық жоғары оқу орындарын біріктіреді. Қоғамдық денсаулық сақтау, эпидемиология және биоинформатика салаларын қоса алғанда, білім беру бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу көзделіп отыр", – деді ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова.
Жұмысты үйлестіру үшін ол ТМҰ Хатшылығы жанынан Медициналық білім беру жөніндегі үйлестіру кеңесін құруды да ұсынды.
Сонымен қатар Әлназарова жас ғалымдарға, докторанттар мен резидент-дәрігерлерге арналған гранттық бағдарламаны құруды және сұранысқа ие медициналық мамандықтар бойынша бірлескен тағылымдамаларды дамытуды ұсынды.
Басым бағыттардың қатарында балалар кардиохирургиясы, трансплантология, нейрохирургия және онкогематология бар.
"Қазақстанның ұлттық ғылыми орталықтары мен университеттік клиникалары ТМҰ елдерінен мамандарды практикалық даярлау алаңдары болуға дайын", – делінген хабарламада.
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек пен отбасылық медицина саласындағы ынтымақтастық туралы айта келе, министр ауылдық және шекара маңындағы аудандарда жұмыс істейтін дәрігерлерге арналған бірлескен білім беру бағдарламаларын, көшпелі мектептер мен қысқа мерзімді тағылымдамаларды ұйымдастыруды да ұсынды.
"Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанда өткен Қазақстан медицинасының күндері нәтижелі әріптестіктің практикалық мысалы болды", – деп жазылған хабарламада.
Қазақстандық дәрігерлер бірлескен операциялар жасап, пациенттерге консультациялар беріп, заманауи медициналық технологияларды қолдану тәжірибесін алмасты.
Мұндай өзара іс-қимыл кәсіби байланыстарды нығайтуға және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың практикалық әрі ғылыми әлеуетін арттыруға ықпал етеді.
Қазақстан осындай бағдарламаларды тұрақты түрде өткізуді және бірлескен медициналық миссиялар тәжірибесін ТМҰ-ның басқа да мемлекеттеріне таратуды ұсынды.