Қазақстан мен Ресейдің көлік полициясы тәжірибе алмасты

© Photo : Пресс-служба МВД РКВ Санкт-Петербурге состоялась рабочая встреча руководства департамента полиции на транспорте МВД Республики Казахстан и Главного управления на транспорте МВД Российской Федерации
В Санкт-Петербурге состоялась рабочая встреча руководства департамента полиции на транспорте МВД Республики Казахстан и Главного управления на транспорте МВД Российской Федерации - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2026
Жазылу
Сапардың негізгі мақсаты – Санкт-Петербургтегі көлік кешенінің негізгі нысандарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша практикалық тәжірибені зерделеу
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Санкт-Петербургте Қазақстан Республикасы ІІМ Көліктегі полиция департаменті мен Ресей Федерациясы ІІМ Көліктегі бас басқармасы басшылығының жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
"Тараптар көлік инфрақұрылымы нысандарында құқықтық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады", – делінген ведомство хабарламасында.
Қазақстан делегациясын ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің бастығы Абзал Жұматаев басқарды. Ресей тарапынан кездесуге РФ ІІМ Көліктегі бас басқармасының бастығы Олег Калинкин қатысты.
"Кездесу екі елдің көлік полициясы өкілдері арасында өткен жылдың қазан айында Алматыда басталған диалогтың жалғасы болды. Сапардың негізгі мақсаты – Санкт-Петербургтегі көлік кешенінің негізгі нысандарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша практикалық тәжірибені зерделеу", – делінген хабарламада.
Жұмыс сапары барысында Көліктегі полиция департаментінің делегациясы ресейлік әріптестерінің қызметін ұйымдастыру тәжірибесімен танысты.
Полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2026
Көліктегі полиция үш айда мемлекетаралық іздеуде жүрген 30-ға жуық қылмыскерді ұстады
Жаңалықтар
0