https://sputnik.kz/20261003/euroodaq-ukrainaga-qarzhylay-komek-berudin-shartyn-atady--baq-67279636.html
Еуроодақ Украинаға қаржылай көмек берудің шартын атады – БАҚ
Еуроодақ Украинаға қаржылай көмек берудің шартын атады – БАҚ
Sputnik Қазақстан
Тамыз айының соңында Украина бюджетінде 27 миллиард доллар көлемінде қаржы тапшылығы пайда болған 03.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-03T15:12+0500
2026-10-03T15:12+0500
2026-10-03T15:12+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_0:38:3037:1746_1920x0_80_0_0_cd0296100d410cb8276be4558a296a49.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Еуроодақ Украинаға қаржылай көмек беру үшін Киевтен қажетті реформаларды жүргізуді талап етті. Бұл туралы британдық Financial Times газеті жазды.Басылымның мәліметінше, хатта елдегі саяси маңызы бар тұлғаларға қатысты Украинаның қаржылық мониторинг жүйесін қандай да бір деңгейде әлсіретуге жол берілмейтіні атап көрсетілген.Бұған дейін экономика жөніндегі еурокомиссар Валдис Домбровскис Euractiv порталына берген сұхбатында Украинаның 2026 жылға арналған негізгі бюджеттік қажеттіліктері қосымша қаржы тапшылығы туралы Киевтің мәлімдемелеріне қарамастан, қазірдің өзінде қаржыландырылғанын айтқан.Сонымен қатар Украина президенті Владимир Зеленский тамыз айының соңында ел бюджетінде 27 миллиард доллар көлемінде қаржы тапшылығы пайда болғанын мойындады. Ол Еуропадан келесі жылға жоспарланған қаражаттың бір бөлігін қазірдің өзінде беруді сұрады.ЕО өкілдері қаражатты мерзімінен бұрын бөлу 2027 жылға қарай қосымша мәселелер туындатуы мүмкін екенін айтып, Украинаны бұған дейін қарастырылған қаржылық көмекті алуға мүмкіндік беретін қажетті реформаларды жүзеге асыруға шақырды.
https://sputnik.kz/20261002/euroodaq-ukrainaga-shamamen-3-mlrd-euro-komek-audardy-67265500.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/17/32383136_154:0:2885:2048_1920x0_80_0_0_a5c6dbc0ffec4ec99f512a091635980e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуроодақ Украинаға қаржылай көмек берудің шартын атады – БАҚ
Тамыз айының соңында Украина бюджетінде 27 миллиард доллар көлемінде қаржы тапшылығы пайда болған
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Еуроодақ Украинаға қаржылай көмек беру үшін Киевтен қажетті реформаларды жүргізуді талап етті. Бұл туралы британдық Financial Times газеті жазды.
"Еурокомиссар Валдис Домбровскис пен Марта Кос Украина парламентінің спикеріне хат жолдап, Украина 2026 жылы қосымша қаржылық көмекке бұрынғыдай үміт арта алатынын, алайда бұл үшін талап етілген реформаларды жүзеге асыруы қажет екенін атап өтті", - деп жазылған материалда.
Басылымның мәліметінше, хатта елдегі саяси маңызы бар тұлғаларға қатысты Украинаның қаржылық мониторинг жүйесін қандай да бір деңгейде әлсіретуге жол берілмейтіні атап көрсетілген.
Бұған дейін экономика жөніндегі еурокомиссар Валдис Домбровскис Euractiv порталына берген сұхбатында Украинаның 2026 жылға арналған негізгі бюджеттік қажеттіліктері қосымша қаржы тапшылығы туралы Киевтің мәлімдемелеріне қарамастан, қазірдің өзінде қаржыландырылғанын айтқан.
Сонымен қатар Украина президенті Владимир Зеленский тамыз айының соңында ел бюджетінде 27 миллиард доллар көлемінде қаржы тапшылығы пайда болғанын мойындады. Ол Еуропадан келесі жылға жоспарланған қаражаттың бір бөлігін қазірдің өзінде беруді сұрады.
ЕО өкілдері қаражатты мерзімінен бұрын бөлу 2027 жылға қарай қосымша мәселелер туындатуы мүмкін екенін айтып, Украинаны бұған дейін қарастырылған қаржылық көмекті алуға мүмкіндік беретін қажетті реформаларды жүзеге асыруға шақырды.