Үлкен Алматы каналына үш кезең бойынша бетондау жүргізіледі

© Sputnik / Тимур БатыршинҮлкен Алматы арнасы
Үлкен Алматы арнасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Жазылу
Жұмыстың үшінші кезеңінде Үлкен Алматы каналының бас су құрылысы жөнделеді
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі Үлкен Алматы каналының 125 шақырымнан астам бөлігін бетондау бойынша үш кезеңнен тұратын жоба әзірлеп жатыр.
Ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының учаскелерін реконструкциялау жұмыстарының нәтижесімен танысты.
"Келесі жылдың вегетация кезеңіне дейін каналдың толық дайын болуын қамтамасыз ету қажет. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізуде ешқандай мәселе болмауы керек. Сонымен қатар Үлкен Алматы каналының басқа учаскелерін реконструкциялауға қажетті құжаттарды әзірлеу жұмыстарын уақытылы аяқтау қажет", – деді Нұржігітов.
Айта кетейік, биыл каналдың жалпы ұзындығы 1,53 шақырым болатын апатты учаскелерін реконструкциялау жұмыстары аяқталды. Су шығынын азайту және 33,3 мың га жерді сапалы суаруды қамтамасыз ету мақсатында арнаны монолитті темірбетонмен қаптау жұмыстары жүргізілді.
Жалпы Үлкен Алматы каналын үш кезеңмен реконструкциялауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ұзындығы 15,6 шақырым болатын учаскені бетондау жобасы әзірленді.
Сонымен қатар жалпы ұзындығы 110 шақырым болатын басқа учаскелерді реконструкциялауға қажетті құжаттар әзірленіп жатыр. Жұмыстың үшінші кезеңінде Үлкен Алматы каналының бас су құрылысы жөнделеді.
В Туркестанской области увеличился объем промышленной продукции  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Су үнемделетін алқаптар көлемі үш есеге жуық өсті
Жаңалықтар
0