Қазақстан мен Беларусь құны 100 млн доллардан асатын келісімшарттар жасасты

© Sputnik / Медиабанкке өтуМинск қаласы
Минск қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Жазылу
Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 35%-дан астам өсті
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектеновтың Минскіге ресми сапары қорытындысы бойынша құны 100 млн доллардан асатын келісімшарттар жасалды, деп хабарлады Үкімет.
Ресми сапар аясында сауда-экономикалық қатынастарды нығайту мәселелері талқыланды. 2025 жылы тауар айналымы шамамен 1,2 млрд долларды құрады. Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 35%-дан астам өсті.
"Премьер-министрдің сапары барысында жалпы сомасы 100 млн доллардан асатын келісімшарттар жасалды. Олардың қатарында өнеркәсіп кооперациясы жобалары мен Беларусь Республикасына автокөлік жеткізу жөніндегі келісімдер бар. Жалпы, өнеркәсіп кооперациясына және агроөнеркәсіп өнімдерін жеткізуге баса назар аударылды", — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Атап айтқанда, "Hyundai Trans Auto" ЖШС өндірген 790 коммерциялық автокөлікті 2027–2028 жылдары Беларусь еліндегі серіктесі — "Эр Си Эм" ЖШҚ компаниясына жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Олардың жалпы құны кемінде 30 млн долларды құрайды.
Қазақстандық автокөлік өндірушілерінің Беларусь нарығына экспорттауға расталған жиынтық әлеуеті жылына 4,5 мың автокөлікке дейін жетеді. Сондай-ақ қазақстандық сусындар мен өзге де өнімдерді жеткізу жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Флаг Казахстана нарисованный на грузовике - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 27,7%-ға өсті
Жаңалықтар
0