https://sputnik.kz/20261002/qazaqstan-azamattary-elge-oraluga-zhardem-surady-ministrlik-malimdeme-zhasady-67266072.html
Қазақстан азаматтары елге оралуға жәрдем сұрады: министрлік мәлімдеме жасады
Қазақстан азаматтары елге оралуға жәрдем сұрады: министрлік мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Қазақстан сыртқы істер министрі Ресейдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті 02.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-02T21:00+0500
2026-10-02T21:00+0500
2026-10-02T21:00+0500
сыртқы істер министрлігі
мәлімдеме
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1e/63078486_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_96fcc433c29bdd5ca43bb75347bc5575.jpg
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі БАҚ-та Қазақстан азаматтарының елге оралуға жәрдемдесуді сұраған өтініштері таралуына байланысты мәлімдеме жасады.Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды назарда ұстап отыр.Ведомствоның мәліметінше бірқатар отбасы министрлікке көмек сұрап өтінішпен жүгініп үлгерген.Қазақстандықтарды отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастырып жатыр."Бүгін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілімен кездесті. Жақын арада Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді", - деп жазылған хабарламада.
https://sputnik.kz/20210713/Siriya-kazakhstandyktar-video-17594934.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/1e/63078486_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_c0a327edc36cd6c660cf4c2d163f9e4a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сыртқы істер министрлігі, мәлімдеме
сыртқы істер министрлігі, мәлімдеме
Қазақстан азаматтары елге оралуға жәрдем сұрады: министрлік мәлімдеме жасады
Қазақстан сыртқы істер министрі Ресейдің Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі БАҚ-та Қазақстан азаматтарының елге оралуға жәрдемдесуді сұраған өтініштері таралуына байланысты мәлімдеме жасады.
Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайды назарда ұстап отыр.
"Қазақстан Сыртқы істер министрлігі әлемнің түрлі елдері мен өңірлеріндегі соғыс қимылдары болып жатқан аймақтардан отандастарымызды қайтару бойынша тәжірибе жинақтаған. Осыған байланысты Қазақстан азаматтары туралы толық әрі нақты ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы емес, олардың өздерінен немесе туыстарынан тікелей алудың маңызы ерекше", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше бірқатар отбасы министрлікке көмек сұрап өтінішпен жүгініп үлгерген.
"Соғыс қимылдары жүрiп жатқан аймақта жүрген қазақстандықтардың туыстарынан келетін өтініштерді қабылдау үшін министрлікте арнайы жедел желі жұмыс істейді. Азаматтарды құқықтық қорғаумен қамтамасыз ету үшін министрлікке толық ақпарат, яғни олардың тегі мен аты-жөні, туған күні, болжамды орналасқан жері, сондай-ақ олар жасасқан еңбек шарттарының талаптары туралы мәліметтер қажет", - дейді министрлік.
Қазақстандықтарды отанына қайтару жөніндегі бірлескен шараларды әзірлеу мақсатында СІМ Ресей тарапымен консультацияларды жалғастырып жатыр.
"Бүгін Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы уақытша сенімді өкілімен кездесті. Жақын арада Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Ресей Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесулер өткізеді", - деп жазылған хабарламада.