Бектенов ЕАЭО-дағы бірлескен жобаларды күшейтуге шақырды

© Sputnik / Дмитрий Астахов / Медиабанкке өтуЗаседание Евразийского межправительственного совета в Минске
Заседание Евразийского межправительственного совета в Минске - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Жазылу
ЕАЭО елдері көлік, өнеркәсіп және сауда мәселелерін талқылады
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Минскіде Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті.
Жиында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы сауда, көлік, өнеркәсіп, энергетика және агроөнеркәсіп кешеніндегі ынтымақтастық мәселелері қаралды.
Олжас Бектенов Қазақстанның ЕАЭО органдарындағы төрағалығы кезеңінде сыртқы сауда мен көлік байланысын дамытуға, ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға басымдық берілетінін атап өтті.
"Бүгін біз ЕАЭО-ның сыртқы саудасы мен елдеріміз арасындағы көлік байланысын, сондай-ақ мүше мемлекеттер бастамашылық жасаған жекелеген мәселелерді қарастырамыз. Бұл бағыттар ұлттық экономикаларды дамыту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аса маңызды", - деді премьер-министр.
Кеңесте Одақтың көлік-логистикалық әлеуетін дамыту және цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бектенов көлік саласын цифрлық трансформациялаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ЕАЭО-ның жалпы ішкі өнімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өскені айтылды. Осы кезеңде негізгі капиталға инвестициялар 17%-ға өсіп, 244,5 млрд долларға жеткен.
Отырыстың қорытындысы бойынша сауда, энергетика, өнеркәсіп және басқа да салаларға қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды. Келесі Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы желтоқсан айында Мәскеуде өтеді.
Касым-Жомарт Токаев на заседании Совета по развитию искусственного интеллекта - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Тоқаев өнеркәсіпті жасанды интеллект арқылы кешенді трансформациялауды тапсырды
Жаңалықтар
0