Алматылық оқушыларға атом және ғарыш технологиялары туралы айтылды

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда Ғылым фестивалі өтті
Алматыда Ғылым фестивалі өтті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Жазылу
Алматыдағы Ғылым фестивалі оқушылар мен студенттерді, ғалымдар мен инженерлерді бір алаңға жинады
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Алматыда өткен Ғылым фестивалінде мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, ғалымдар мен инженерлер бас қосты.
Іс-шараға "Росатом" мемлекеттік корпорациясының, Ұлттық зерттеу ядролық университеті (МИФИ) және Қазақстанның Ядролық қоғамының мамандары қатысып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің инновациялық хабында 500-ден астам оқушы мен студентке атом саласындағы мамандықтардың болашағы туралы айтып берді.
Ғылым фестивалін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасындағы МИФИ-дің Алматы филиалы ұйымдастырды. Іс-шараға 7-11 сынып оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Олар заманауи ғылыми әзірлемелермен танысып қана қоймай, технологияларды іс жүзінде көріп, тәжірибелерге қатысып, сарапшылармен тікелей сөйлесті.
"Фестивальге келген оқушы жай ғана дәріс тыңдап қоймайды. Ол тәжірибе жасап көріп, профессорлар мен сарапшыларға сұрақ қойып, академиялық ортамен сөйлеседі. Фестивальден кейін оның ғылым, атом және ядролық өнеркәсіп туралы түсінігі қалыптасады", - деді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базындағы МИФИ Алматы филиалы басшысының орынбасары Әлия Алдиярова.
© Sputnik/Ертай СарбасовӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасындағы МИФИ Алматы филиалы басшысының орынбасары Әлия Алдиярова
Заместитель руководителя Алматинского филиала НИЯУ МИФИ на базе Казахского национального университета имени Аль-Фараби Алия Алдиярова - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасындағы МИФИ Алматы филиалы басшысының орынбасары Әлия Алдиярова
Оның айтуынша, Қазақстанда осындай фестивальдерді ұйымдастыруға "Росатом" өкілдері де белсенді қатысады. Олар өз тәжірибесі мен білімін бөлісіп, атом саласының болашағы зор екенін түсіндіреді.
"Алдарыңызда ядролық ғылым мен ғарыш ғылымының үлкен әлемі ашылады. (...) Атом технологиялары – тек атом станциялары емес. Бұл – ядролық медицина, кванттық компьютерлер, лазерлер және ғылым мен техниканың басқа да бағыттары. Бұл салаларда сіздер өз білімдеріңізді қолдана аласыздар", – деді фестивальдің ашылуында "Росатом" мемлекеттік корпорациясы Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Константин Рудер.
© Sputnik/Ертай Сарбасов"Росатом" мемлекеттік корпорациясы Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Константин Рудер
Заместитель директора Департамента коммуникации Госкорпорации Росатом Константин Рудер - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
"Росатом" мемлекеттік корпорациясы Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Константин Рудер
МИФИ Ядролық физика және технологиялар институты директорының орынбасары Георгий Тихомиров жастарды ғылымға тарту үшін оның мүмкіндіктері туралы ашық әрі түсінікті айту маңызды екенін атап өтті.
"Радиацияның айналамызда бар екенін, ядролық технологиялардың дамып жатқанын ашық көрсету керек. Университет арқылы осы салаға келуге болатынын түсіндіру қажет. Ғылым, оның ішінде ядролық ғылым, жастарды күтеді", - деді ол.
© Sputnik/Ертай Сарбасов"Росатом" мемлекеттік корпорациясы Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Константин Рудер
Заместитель директора Института ядерной физики и технологий НИЯУ “МИФИ” Георгий Тихомиров - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
"Росатом" мемлекеттік корпорациясы Коммуникациялар департаменті директорының орынбасары Константин Рудер
Тихомировтың айтуынша, атом саласында жұмыс істеу үшін сапалы білім алу аса маңызды. Ол жасанды интеллект қарқынды дамып жатқанына қарамастан, ғылымда адамның рөлі әлі де жоғары болатынын айтты.
"Жасанды интеллектіге тым әуестенудің қажеті жоқ. Оны аса жауапты салаларда пайдалану кәсіби көзқарасты талап етеді. (...) Жасанды интеллектінің бұл салада адамсыз жұмыс істеуі мүмкін емес. Меніңше, соңғы сөз әрқашан адамда қалады", - деді Георгий Тихомиров.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Қазақстанда атом саласын дамыту алдағы жылдары қарқын ала түспек.
Жаңалықтар
0