Алғашқы аэротаксилер Қазақстанға 2028 жылы жеткізіледі

© Sputnik / Санат ИмангалиевНовое аэротакси в Астане
Новое аэротакси в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Жазылу
Бұған дейін Алматы мен Алатауда аэротаксилерге арналған вертипорттар желісі жобаланып жатқаны хабарланған болатын
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Қазақстанға алғашқы аэротаксилерді 2028 жылы жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы AI & Digital Bridge форумында Alatau Advanced Air Group компаниясының IT жөніндегі директоры Роман Богдашкин мәлімдеді.
"Мұнда бізге де, Қазақстанға да қатысы жоқ белгілі бір шектеулер бар. Мұндай әуе кемелері – жаңа тип. Олар үлкен авиациядағыдай қатаң сертификаттаудан өтеді. (...) Бұл үдеріс бірнеше жылға созылады", - деді ол.
Әуе кемесімен ұшу құны туралы сұраққа Богдашкин:
"Коммерциялық модель әлі талқыланып жатыр. Әрине, оның бағасы кәдімгі таксимен жүрумен бірдей болмайды. Бірақ адамдардың Медеуге тез ұшып жетуіне шамасы жетеді деп ойлаймын", - деп жауап берді.
Аэротакси алғаш рет биыл мамыр айында Алатауда сынақтан өткізілді.
Астана аспанындағы аэротакси - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Астана аспанында аэротакси сынақтан өтті
Жаңалықтар
0