https://sputnik.kz/20261001/zhasandy-intellektinin-mumkindigi-molaya-tusken-sayyn-onyn-qaupi-de-artady--toqaev-67232398.html
Жасанды интеллектінің мүмкіндігі молая түскен сайын, оның қаупі де артады – Тоқаев
Жасанды интеллектінің мүмкіндігі молая түскен сайын, оның қаупі де артады – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Қазақстан жасанды интеллектіні бейбіт мақсатта, қауіпсіз әрі жауапкершілікпен ілгерілетуді дәйекті түрде қолдайды 01.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-01T20:50+0500
2026-10-01T20:50+0500
2026-10-01T20:50+0500
қасым-жомарт тоқаев
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/01/67232098_0:4:1281:724_1920x0_80_0_0_6a617dfb2dae70af8f7552f114ac659f.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану мәдениетін ілгерілетудің маңызы зор екенін айтты, деп хабарлады Ақорда.Оның айтуынша, жасанды интеллект – жаһандық құбылыс. Ешбір мемлекет оның әлеуетін жалғыз өзі толық пайдалана алмайды.Президент жасанды интеллектінің мүмкіндігі молая түскен сайын, оның қаупі де артады деп пайымдайды."Киберқауіпсіздік, деректерді қорғау, ақпараттың сенімділігі, алгоритмдердің ашықтығы, қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік – мұның бәрі кезек күттірмей қаралуға тиіс мәселелер. Шын мәнінде, жасанды интеллектіні қазіргі заманның мықты құралы, тіпті, қаруы деп те айтуға болады. Сондықтан оның әлемдік дамуға пайда немесе зиян әкелуі ең алдымен адамзатқа тікелей байланысты болмақ", – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://sputnik.kz/20261001/toqaevqa-zhasandy-intellekt-salasyndagy-zhana-zhobalar-tanystyryldy-67229713.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/01/67232098_31:0:1210:884_1920x0_80_0_0_0e55d352d21c046d64fc52aa93e261af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, жасанды интеллект
қасым-жомарт тоқаев, жасанды интеллект
Жасанды интеллектінің мүмкіндігі молая түскен сайын, оның қаупі де артады – Тоқаев
Қазақстан жасанды интеллектіні бейбіт мақсатта, қауіпсіз әрі жауапкершілікпен ілгерілетуді дәйекті түрде қолдайды
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану мәдениетін ілгерілетудің маңызы зор екенін айтты, деп хабарлады Ақорда.
Оның айтуынша, жасанды интеллект – жаһандық құбылыс. Ешбір мемлекет оның әлеуетін жалғыз өзі толық пайдалана алмайды.
"Қазақстан жасанды интеллектіні бейбіт мақсатта, қауіпсіз әрі жауапкершілікпен ілгерілетуді дәйекті түрде қолдайды. Технология адамға қызмет етіп, өркениеттің катализаторы болуы керек. Біз осы ұстанымнан айнымаймыз", - деді Тоқаев.
Президент жасанды интеллектінің мүмкіндігі молая түскен сайын, оның қаупі де артады деп пайымдайды.
"Киберқауіпсіздік, деректерді қорғау, ақпараттың сенімділігі, алгоритмдердің ашықтығы, қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілік – мұның бәрі кезек күттірмей қаралуға тиіс мәселелер. Шын мәнінде, жасанды интеллектіні қазіргі заманның мықты құралы, тіпті, қаруы деп те айтуға болады. Сондықтан оның әлемдік дамуға пайда немесе зиян әкелуі ең алдымен адамзатқа тікелей байланысты болмақ", – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.