Қазақстанда жасы 60-тан асқан тұрғындар саны қанша

© Depositphotos.com / FotodomҚария
Қария - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2026
Жазылу
Қалаларда 60 жастан асқан 1 894 268, ауылдық жерлерде 1 029 204 адам тұрады
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы елде жасы 60-тан асқан тұрғындар саны қанша екенімен бөлісті.
"2026 жылдың басында Қазақстанда 60 жастан асқан халық саны 2 923 472 адамды құрады", - дейді статистика мамандары.
Бұл ел халқының 14,2%-ы. Оның ішінде:
Ерлер - 1 163 270
Әйелдер - 1 760 202
60+ халық саны ең көп өңірлер:
Алматы қаласы - 328 385
Түркістан облысы - 216 544
Қарағанды облысы - 212 487
Алматы облысы - 203 499
Астана - 171 138
Қалаларда 60 жастан асқан 1 894 268, ауылдық жерлерде 1 029 204 адам тұрады.
Қазақстанда 100 жастан асқан 1 323 адам бар. 2026 жылғы II тоқсанда 60 жастан асқан жұмыспен қамтылғандар саны - 465 302.
2025 жылы зейнетақы алушылар саны - 2 415 095 адамды құрады.
II Международный конгресс женщин в промышленности и технологиях состоялся в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.03.2026
Қазақстанда қанша әйел бар – статистика
Жаңалықтар
0