Видео

Қарағанды облысында өнімі 40 млрд теңгеге бағаланған ірі есірткі зертханасы жойылды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.10.2026
Жазылу
Дайын мефедронның ықтимал көлемі 2 тоннаға дейін жетуі мүмкін, бұл шамамен 2 миллион бір реттік доза
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қарағанды облысында мефедрон өндірумен айналысқан ірі есірткі зертханасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері зертханаға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, трансұлттық қылмыстық топтың екі мүшесін ұстады.
Тергеу нұсқасына сәйкес, топ мүшелері Қазақстан және көршілес мемлекеттер аумағында аса ірі көлемде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды дайындап, кейіннен заңсыз өткізуді көздеген. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларының нәтижесінде 48 және 28 жастағы екі күдікті ұсталды.
"Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 48 жастағы күдікті қылмыстық топтың ұйымдастырушылық мәселелеріне жауап берген. Ол жаңа қатысушыларды тартып, олардың әрекетін үйлестіріп отырған. Ал 28 жастағы күдікті зертхананың жұмысын тікелей ұйымдастырып, жаңа қатысушыларды есірткі құралдары мен психотроптық заттарды дайындау тәсілдеріне үйреткен", - дейді полицияда.
Зертхана аумағында жүргізілген тінту барысында көлемі 50 тонна болатын өнеркәсіптік цистерна анықталды. Оның ішінде шамамен 16 тонна пайдаланылған өнім мен сұйықтық болған. Сонымен қатар көлемі бір тоннадан болатын екі ыдыс, 20 литрлік үш канистр және ұнтақ тәрізді заттардың қалдықтары бар 10 полимер қап тәркіленді.
"Өнеркәсіптік цистернадан зерттеу үшін 10 литр сынама алынды. Мамандардың қорытындысына сәйкес, ұсынылған үлгіден мефедрон анықталды. Зерттелген сынамадағы есірткі затының салмағы 1 келі 723 грамды құрады", - деп жазылған хабарламада.
Мамандардың алдын ала есептеуіне сәйкес, анықталған заттың көлемі мен зерттеу нәтижелерін ескере отырып, дайын мефедронның ықтимал көлемі 2 тоннаға дейін жетуі мүмкін. Бұл шамамен 2 миллион бір реттік доза. Оның заңсыз нарықтағы алдын ала құны 40 миллиард теңгеге дейін бағаланып отыр.
Екі күдіктіге де қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Новый международный терминал аэропорта Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Әуежайда Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен әкелінген есірткі тәркіленді – ҰҚК
Жаңалықтар
0