https://sputnik.kz/20261001/batys-qazaqstan-turgyny-zhubayynyn-suretine-layk-basqan-er-adamdy-pyshaqtagan-67221475.html
Батыс Қазақстан тұрғыны жұбайының суретіне лайк басқан ер адамды пышақтаған
Батыс Қазақстан тұрғыны жұбайының суретіне лайк басқан ер адамды пышақтаған
Sputnik Қазақстан
Содан кейін оқиға орнынан кейін бой тасалаған 01.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-01T14:30+0500
2026-10-01T14:30+0500
2026-10-01T15:06+0500
батыс қазақстан облысы
сот үкімі
пышақтау
https://sputnik.kz/img/1260/19/12601930_0:189:2000:1314_1920x0_80_0_0_14ef6732b3689c6ddda947364117556d.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік желідегі "лайк" үшін төбелесте пышақ қолданған ер адам шартты жаза алды, деп хабарлады облыстық сот.Белгілі болғандай, 2026 жылғы 10 мамырда сағат 02:00 шамасында сотталушы жәбірленушінің денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында, оның заңды жұбайына тиесілі "Instagram" әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланған фотосуреттерге жәбірленушінің "лайк" белгісін қойғанына байланысты жанжал шығарған.Осыдан кейін сотталушы оң қолымен қалтасынан пышақ шығарып, жәбірленушінің қуық тұсына екі рет және жауырын тұсына бір рет пышақ сұққан. Содан кейін оқиға орнынан кейін бой тасалаған."Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Атап айтқанда, ішкі ағзалардың зақымдануымен іштің алдыңғы қабырғасының кіндік тұсында іш қуысына еніп кеткен пышақ жарақаты анықталған", - дейді сотта.Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұраған. Сондай-ақ мұндай әрекетті бұдан былай қайталамайтынын айтып, бас бостандығынан айырмауды сұраған.Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда тағайындалған жаза шартты түрде деп есептеліп, сотталған адамға 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.Сот үкімі заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260905/zhasospirim-anasyn-pyshaqtap-oltirip-azhesin-zharaqattady-sot-ukimi-shyqty-66408669.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/19/12601930_131:0:1908:1333_1920x0_80_0_0_bd52f7671368d8cf53d8dbbbcee44962.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, сот үкімі, пышақтау
батыс қазақстан облысы, сот үкімі, пышақтау
Батыс Қазақстан тұрғыны жұбайының суретіне лайк басқан ер адамды пышақтаған
14:30 01.10.2026 (жаңартылды: 15:06 01.10.2026) Содан кейін оқиға орнынан кейін бой тасалаған
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік желідегі "лайк" үшін төбелесте пышақ қолданған ер адам шартты жаза алды, деп хабарлады облыстық сот.
Белгілі болғандай, 2026 жылғы 10 мамырда сағат 02:00 шамасында сотталушы жәбірленушінің денсаулығына қасақана зиян келтіру мақсатында, оның заңды жұбайына тиесілі "Instagram" әлеуметтік желісіндегі парақшада жарияланған фотосуреттерге жәбірленушінің "лайк" белгісін қойғанына байланысты жанжал шығарған.
Осыдан кейін сотталушы оң қолымен қалтасынан пышақ шығарып, жәбірленушінің қуық тұсына екі рет және жауырын тұсына бір рет пышақ сұққан. Содан кейін оқиға орнынан кейін бой тасалаған.
"Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Атап айтқанда, ішкі ағзалардың зақымдануымен іштің алдыңғы қабырғасының кіндік тұсында іш қуысына еніп кеткен пышақ жарақаты анықталған", - дейді сотта.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұраған. Сондай-ақ мұндай әрекетті бұдан былай қайталамайтынын айтып, бас бостандығынан айырмауды сұраған.
Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда тағайындалған жаза шартты түрде деп есептеліп, сотталған адамға 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енді.