https://sputnik.kz/20261001/aulasyna-komip-tastagan-batys-qazaqstanda-bolesin-oltirgen-er-adamga-sot-ukimi-shyqty-67226741.html
Ауласына көміп тастаған: Батыс Қазақстанда бөлесін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Ауласына көміп тастаған: Батыс Қазақстанда бөлесін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Сотталушы пышақпен жәбірленушінің басының бет бөлігіне бір рет, кеуде тұсы мен ішіне кемінде 12 рет соққы жасаған 01.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-01T16:17+0500
2026-10-01T16:17+0500
2026-10-01T16:18+0500
батыс қазақстан облысы
қылмыс
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8a03a5e84d188cc6fbe8241a28981486.jpg
АЛМАТЫ, 1 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы Жәнібек ауылында бөлесін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады облыстық сот.Оқиға биыл 18-нен 19 мамырға қараған түні, шамамен сағат 04:00-де болған. Сотталушы өз үйінде бөле туысымен бірге ішімдік ішкен. Екеуі мас болып, сөзге келіп қалған. Кейін олардың арасында жанжал туындаған.Сонымен қатар сотталушы пышақпен жәбірленушінің басының бет бөлігіне бір рет, кеуде тұсы мен ішіне кемінде 12 рет соққы жасаған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.Қылмысты жасыру үшін сотталушы туысының мәйітін үйінің артындағы қоқыс шұңқырына апарып, көміп тастаған.Істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарады. Ер адамға "адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату" бабы бойынша айып тағылған.Сот ер адамды кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260601/almaty-oblysynda-er-adamdy-ariptesteri-oltirip-komip-ketken-63852887.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/806/67/8066780_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_2f479df69fc3c0eb32e28fd83512ed33.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
батыс қазақстан облысы, қылмыс, сот үкімі
батыс қазақстан облысы, қылмыс, сот үкімі
Ауласына көміп тастаған: Батыс Қазақстанда бөлесін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
16:17 01.10.2026 (жаңартылды: 16:18 01.10.2026) Сотталушы пышақпен жәбірленушінің басының бет бөлігіне бір рет, кеуде тұсы мен ішіне кемінде 12 рет соққы жасаған
АЛМАТЫ, 1 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданындағы Жәнібек ауылында бөлесін өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады облыстық сот.
Оқиға биыл 18-нен 19 мамырға қараған түні, шамамен сағат 04:00-де болған. Сотталушы өз үйінде бөле туысымен бірге ішімдік ішкен. Екеуі мас болып, сөзге келіп қалған. Кейін олардың арасында жанжал туындаған.
"Сотталушы мас күйінде бөлесін өлтіруге әрекет жасаған. Ол оның аяғынан шалып құлатқан. Кейін қара сапты ас үй пышағын алып, жерде жатқан туысының мойнына екі рет сұққан. Оның қансырап жатқанын көргеннен кейін де қылмыстық әрекетін тоқтатпаған. Жұдырығымен және екі шынтағымен оның басына, жақ сүйегіне және денесінің оң жақ қабырғасына бірнеше рет қатты соққы жасаған", - делінген сот хабарламасында.
Сонымен қатар сотталушы пышақпен жәбірленушінің басының бет бөлігіне бір рет, кеуде тұсы мен ішіне кемінде 12 рет соққы жасаған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.
Қылмысты жасыру үшін сотталушы туысының мәйітін үйінің артындағы қоқыс шұңқырына апарып, көміп тастаған.
Істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот қарады. Ер адамға "адам өлтіру, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату" бабы бойынша айып тағылған.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.