https://sputnik.kz/20260930/zhyl-basynan-beri-kaspiy-qubyr-konsortsiumy-terminalynan-397-tankerge-munay-tieldi-67191163.html
Жыл басынан бері Каспий құбыр консорциумы терминалынан 397 танкерге мұнай тиелді
Жыл басынан бері Каспий құбыр консорциумы терминалынан 397 танкерге мұнай тиелді
Sputnik Қазақстан
Мұнай тиеу көлемі 50 млн тоннаға жуықтады. Бұл 2025 жылдың қыркүйек айының соңындағы көрсеткіштен 4 млн тоннаға аз 30.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-30T16:56+0500
2026-09-30T16:56+0500
2026-09-30T16:56+0500
каспий
мұнай
мұнай кен орыны
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1b/65250721_0:125:1200:800_1920x0_80_0_0_364e56c23bee1992ccb5204e37db25c4.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. 2026 жылғы 1 қаңтар мен 25 қыркүйек аралығында Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалынан 397 танкерге мұнай тиелді. Былтыр осы кезеңде 453 кеме жөнелтілген. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі хабарлады.Консорциум акционерлерінің өкілдеріне "КТК-Р" АҚ және "КТК-Қ" АҚ басқару органдарында компанияның жұмысы туралы есеп пен 2036 жылға дейінгі жұмыс жоспарлары таныстырылды.Оның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында КҚК қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың өкілдері 8,2 млн адам-сағатты оқиғасыз өткізген, ал автокөліктің апатсыз жүріп өткен жолы 42 млн шақырымды құраған.Акционерлерге инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, мұнай айдау режимдерін оңтайландыру және шығындарды оңтайландыру жөніндегі ұсыныстар таныстырылды.Сонымен қатар компанияның "КТК-Р" АҚ және "КТК-Қ" АҚ директорлар кеңестерінің мүшелерін сайлау рәсімі өткен.
https://sputnik.kz/20260825/kaspiy-qubyr-konsortsiumyna-zhasalgan-shabuyldar-munay-ondirisine-aser-etti--ministr-66074407.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/1b/65250721_0:0:1068:800_1920x0_80_0_0_1666f677c3308abb0e638038048b29d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий, мұнай, мұнай кен орыны
каспий, мұнай, мұнай кен орыны
Жыл басынан бері Каспий құбыр консорциумы терминалынан 397 танкерге мұнай тиелді
Мұнай тиеу көлемі 50 млн тоннаға жуықтады. Бұл 2025 жылдың қыркүйек айының соңындағы көрсеткіштен 4 млн тоннаға аз
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. 2026 жылғы 1 қаңтар мен 25 қыркүйек аралығында Новороссийскідегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалынан 397 танкерге мұнай тиелді. Былтыр осы кезеңде 453 кеме жөнелтілген. Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі хабарлады.
"2026 жылы теңіз терминалындағы мұнай тиеу көлемінің төмендеуіне 2025 жылы суасты бұрғыш қалқымалы құрылғыға (ВПУ) қатысты болған оқиғаның салдары, биылғы жылдың бірінші тоқсанында "Теңізшевройл" ЖШС-нен қабылданатын мұнай көлемінің азаюы, Новороссийск ауданындағы қауіп сигналдарының ұзаққа созылуы, сондай-ақ ауа райына байланысты мұнай тиеуге қолайсыз күндер санының артуы әсер етті", – делінген хабарламада.
Консорциум акционерлерінің өкілдеріне "КТК-Р" АҚ және "КТК-Қ" АҚ басқару органдарында компанияның жұмысы туралы есеп пен 2036 жылға дейінгі жұмыс жоспарлары таныстырылды.
"КҚК бас директоры Николай Горбань өндірістік-шаруашылық қызметтің жай-күйі, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша баяндама жасады", – деп атап өтті компания.
Оның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында КҚК қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың өкілдері 8,2 млн адам-сағатты оқиғасыз өткізген, ал автокөліктің апатсыз жүріп өткен жолы 42 млн шақырымды құраған.
Акционерлерге инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, мұнай айдау режимдерін оңтайландыру және шығындарды оңтайландыру жөніндегі ұсыныстар таныстырылды.
Сонымен қатар компанияның "КТК-Р" АҚ және "КТК-Қ" АҚ директорлар кеңестерінің мүшелерін сайлау рәсімі өткен.