Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы F-16 ұшақтарының жартысынан көбі жөнделіп жатыр – БАҚ

© AP Photo / Efrem LukatskyИстребители F-16 в украинской армии
Истребители F-16 в украинской армии  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026
Жазылу
Бельгияда жойғыш ұшақтарды жөндеуге 40 аптаға дейін уақыт кетеді
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Украина жыл соңына қарай қолындағы жарамды F-16 жойғыш ұшақтарының барлығынан айырылып қалуы мүмкін, деп хабарлады The Wall Street Journal дереккөзге сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта Украинадағы F-16 ұшақтарының жартысынан көбі техникалық қызмет көрсетуге байланысты пайдаланылмай тұр.
"Ұшақтарды пайдалану мен жөндеу қазіргі қарқынмен жалғасатын болса, қалған ұшақтар да жыл соңына қарай пайдалануға жарамсыз күйге түсуі мүмкін", - деп жазды журнал.
Бельгияда жойғыш ұшақтарды жөндеуге 40 аптаға дейін уақыт кетіп жатыр.
АҚШ Әуе күштерінің отставкадағы офицері Дэвид Дептула Украинаның F-16 ұшақтарына жедел техникалық қызмет көрсете алмауы әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласында дағдарысқа айналып келе жатқанын айтты.
Бұған дейін, 17 қыркүйекте, The Economist журналы Украина Ресейдің реактивті қозғалтқыштары бар дрондарына қарсы пайдаланып жүрген F-16 және МиГ-29 жойғыштарының жиі шетелде жөндеуде болатынын хабарлаған.
Жаңалықтар
0