https://sputnik.kz/20260930/qyzylorda-oblysynda-investitsiyalyq-zhobaga-bolingen-qomaqty-qarazhat-zhymqyrylgany-anyqtaldy-67171051.html
Қызылорда облысында инвестициялық жобаға бөлінген қомақты қаражат жымқырылғаны анықталды
Қызылорда облысында инвестициялық жобаға бөлінген қомақты қаражат жымқырылғаны анықталды
Sputnik Қазақстан
Бұл қаражат 1 600 бас қой, 130 бас ірі қара мал және етті қаптауға арналған жабдық сатып алуға бағытталған 30.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-30T09:57+0500
2026-09-30T09:57+0500
2026-09-30T11:02+0500
қызылорда облысы
мал шаруашылығы
қаражат
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_0:114:1078:720_1920x0_80_0_0_65ea05a968103ae1dacbcd2e2d32a00d.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда облысында мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыруға бөлінген қаражаттың жымқырылғаны анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.2021 жылы "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның қатысуымен "Сыздық Ата" ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылған.Жоба аясында корпорация серіктестіктің жарғылық капиталына 151,5 млн теңге салған. Бұл қаражат 1 600 бас қой, 130 бас ірі қара мал және етті қаптауға арналған жабдық сатып алуға бағытталған.Тергеу деректеріне сәйкес, мал сатып алынғаннан кейін ЖШС басшысы қаражаттың бір бөлігін шығару схемасын ұйымдастырған. Нәтижесінде жалпы сомасы 60 млн теңге күдіктінің бақылауындағы "Нұрай" және "Абылайхан" ЖК шоттарына заңсыз аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оған тиесілі екі автокөлікке тыйым салынды.Қылмыстық іс сотқа жолданды.
https://sputnik.kz/20260921/qaragandy-oblysynda-egiske-bolingen-300-mln-tenge-zhymqyrylgan-66867751.html
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/18/59881438_85:0:1045:720_1920x0_80_0_0_6cfd1955ae1668d66faf6b23408b71b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, мал шаруашылығы, қаражат
қызылорда облысы, мал шаруашылығы, қаражат
Қызылорда облысында инвестициялық жобаға бөлінген қомақты қаражат жымқырылғаны анықталды
09:57 30.09.2026 (жаңартылды: 11:02 30.09.2026) Бұл қаражат 1 600 бас қой, 130 бас ірі қара мал және етті қаптауға арналған жабдық сатып алуға бағытталған
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Қызылорда облысында мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыруға бөлінген қаражаттың жымқырылғаны анықталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
2021 жылы "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның қатысуымен "Сыздық Ата" ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылған.
"Жобаның жалпы құны 311 млн теңгені құрады. Жоба ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға және Жаңақорған ауданы тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз етуге бағытталған", - деп жазылған хабарламада.
Жоба аясында корпорация серіктестіктің жарғылық капиталына 151,5 млн теңге салған. Бұл қаражат 1 600 бас қой, 130 бас ірі қара мал және етті қаптауға арналған жабдық сатып алуға бағытталған.
Тергеу деректеріне сәйкес, мал сатып алынғаннан кейін ЖШС басшысы қаражаттың бір бөлігін шығару схемасын ұйымдастырған. Нәтижесінде жалпы сомасы 60 млн теңге күдіктінің бақылауындағы "Нұрай" және "Абылайхан" ЖК шоттарына заңсыз аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оған тиесілі екі автокөлікке тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.