https://sputnik.kz/20260930/quryltayda-15-mln-adamnyn-maselesi-koterildi-67178720.html
Құрылтайда 1,5 млн адамның мәселесі көтерілді
Құрылтайда 1,5 млн адамның мәселесі көтерілді
Sputnik Қазақстан
Депутаттық сауалға Жалпы социал-демократиялық партияның фракция өкілдері де қосылды 30.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-30T12:45+0500
2026-09-30T12:45+0500
2026-09-30T12:46+0500
құрылтай
жалақы
жұмысшылар
https://sputnik.kz/img/886/32/8863279_0:151:3105:1898_1920x0_80_0_0_7cd34a321eed0bb9163d633d79807b69.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Құрылтайда клининг саласында жұмыс істейтін адамдардың мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Депутат Нұрайнаш Қамалованың айтуынша, бүгінде осы салада шамамен 1,5 миллион адам жұмыс істейді."Елімізде осы күнге дейін еден жуушылардың, аула сыпырушылардың және клининг саласындағы қызметкерлердің еңбегі көбіне біліктілігі төмен әрі беделсіз жұмыс ретінде қабылданады. Мұндай көзқарас сала қызметкерлерінің мәртебесіз адам ретінде бағаланып, президентіміз айтқан нағыз еңбек адамын қоғам алдында төмендетіп, тазалық мәдениетінің қалыптасуына кері әсер ететіні анық", - деді Қамалова Құрылтайдың бүгінгі отырысында.Тағы бір маңызды мәселе – сала қызметкерлері алатын ресми табыстың төмен болуы. Бұдан бөлек, осы салада бейресми жұмысмен қамту кеңінен тараған. Соның салдарынан әлеуметтік және зейнетақы кепілдіктері, еңбек құқықтары және өзге де әлеуметтік қорғау тетіктері сақталмай жатады.Депутаттар үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады. Олар:Депутаттық сауалға Жалпы социал-демократиялық партияның фракция өкілдері де қосылды.
https://sputnik.kz/20260930/deputat-nurbaqyt-tenizbaev-ukimetke-saual-zholdady-67177185.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/886/32/8863279_188:0:2919:2048_1920x0_80_0_0_9a1e3515e6587aba19390a09fc024f05.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылтай, жалақы, жұмысшылар
құрылтай, жалақы, жұмысшылар
Құрылтайда 1,5 млн адамның мәселесі көтерілді
12:45 30.09.2026 (жаңартылды: 12:46 30.09.2026) Депутаттық сауалға Жалпы социал-демократиялық партияның фракция өкілдері де қосылды
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Құрылтайда клининг саласында жұмыс істейтін адамдардың мәселесі көтерілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Нұрайнаш Қамалованың айтуынша, бүгінде осы салада шамамен 1,5 миллион адам жұмыс істейді.
"Елімізде осы күнге дейін еден жуушылардың, аула сыпырушылардың және клининг саласындағы қызметкерлердің еңбегі көбіне біліктілігі төмен әрі беделсіз жұмыс ретінде қабылданады. Мұндай көзқарас сала қызметкерлерінің мәртебесіз адам ретінде бағаланып, президентіміз айтқан нағыз еңбек адамын қоғам алдында төмендетіп, тазалық мәдениетінің қалыптасуына кері әсер ететіні анық", - деді Қамалова Құрылтайдың бүгінгі отырысында.
Тағы бір маңызды мәселе – сала қызметкерлері алатын ресми табыстың төмен болуы. Бұдан бөлек, осы салада бейресми жұмысмен қамту кеңінен тараған. Соның салдарынан әлеуметтік және зейнетақы кепілдіктері, еңбек құқықтары және өзге де әлеуметтік қорғау тетіктері сақталмай жатады.
Депутаттар үкіметке бірнеше ұсыныс жолдады. Олар:
клининг саласындағы жұмыспен қамтуға кешенді талдау жасап, қызметкерлердің нақты саны туралы ресми статистикалық деректерді қалыптастыру;
клининг саласында кәсіби біліктіліктерді енгізу;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде тиісті мамандарды кәсіби оқыту және даярлау мүмкіндігін қарастыру;
осы саладағы бейресми жұмыспен қамтуды қысқартуға бағытталған кешенді шараларды әзірлеу;
жұмысшының кәсіби мәртебесін арттырып, ресми табысының өсуіне жағдай жасау;
клининг саласындағы мамандықтарды тиісті біліктілік талаптары мен кәсіптік оқыту мүмкіндіктері бар толыққанды жұмысшы мамандықтар ретінде тану;
сала қызметкерлерін қаржылық сауаттылық және әлеуметтік қолдаумен қамту;
Депутаттық сауалға Жалпы социал-демократиялық партияның фракция өкілдері де қосылды.