https://sputnik.kz/20260930/netanyakhu-erdoganga-qarsy-khalyqaralyq-qylmystyq-sotqa-shagym-dayyndap-zhatyr-67201134.html
Нетаньяху Ердоғанға қарсы Халықаралық қылмыстық сотқа шағым түсірмек
Нетаньяху Ердоғанға қарсы Халықаралық қылмыстық сотқа шағым түсірмек
Sputnik Қазақстан
Ердоған Израиль армиясының Газа секторындағы әрекеттерін "геноцид" деп атаған 30.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-30T21:01+0500
2026-09-30T21:01+0500
2026-09-30T21:01+0500
режеп тайип ердоған
израиль
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62477510_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_aaf5f0c1c3cce6db9b019e4c237ef060.jpg
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарсы Халықаралық қылмыстық сотқа (ХҚС) шағым дайындауды тапсырды. Шағым күрдтер мәселесі және палестиналық ХАМАС қозғалысына қатысты болмақ. Бұл туралы I24 телеарнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.Бұл тапсырма Түркия Әділет министрлігінің бұған дейін Интерполға Нетаньяхуға қатысты "қызыл хабарлама" шығаруды сұрап өтініш жіберуіне жауап ретінде берілген.Израиль ХҚС-қа шағымды өзі бере алады. Алайда телеарнаның хабарлауынша, Израиль билігі бұл істі бастау үшін басқа елдің немесе арнайы делдалдың көмегіне жүгінуі ықтимал.Израиль де, Түркия да ХҚС-тың негізін қалайтын Рим статутына қосылмаған. Сондықтан екі ел де соттың юрисдикциясын толық мойындамайды.Ердоған Израильді үнемі қатты сынап келеді. Ол Израиль армиясының Газа секторындағы әрекеттерін "геноцид" деп атады. Ал ХАМАС мүшелерін "қарсылық күрескерлері" деп сипаттайды.Түркия бұған дейін ХАМАС-тың белгілі жетекшілеріне, соның ішінде Исмаил Хания мен Халед Машальға елде тұруға мүмкіндік беріп, саяси қолдау көрсеткен.2024 жылдың қараша айының соңында Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты қамауға алу туралы ордер шығарған. Оларға Газа секторындағы болжамды әскери қылмыстарға қатысты айып тағылған.Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынас 2023 жылдың қазан айында Газа секторындағы соғыс басталғаннан кейін қатты шиеленісті.Анкара Израиль билігін палестиналықтарға қатысты шамадан тыс күш қолданды деп бірнеше рет айыптады. Түркия Израильмен сауда қатынасын тоқтатты.Сонымен қатар Түркия 1967 жылғы шекаралар негізінде, астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды қолдайды.
https://sputnik.kz/20260111/netanyakhu-koregen-sheshim-qabyldagany-ushin-toqaevqa-ayryqsha-rizashylygyn-bildirdi-60310348.html
израиль
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/08/62477510_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_27a52d4a2881ff69cca6f92a5461bc4e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
режеп тайип ердоған, израиль
режеп тайип ердоған, израиль
Нетаньяху Ердоғанға қарсы Халықаралық қылмыстық сотқа шағым түсірмек
Ердоған Израиль армиясының Газа секторындағы әрекеттерін "геноцид" деп атаған
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарсы Халықаралық қылмыстық сотқа (ХҚС) шағым дайындауды тапсырды. Шағым күрдтер мәселесі және палестиналық ХАМАС қозғалысына қатысты болмақ. Бұл туралы I24 телеарнасы өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.
"Нетаньяху Израильдің арнайы ведомствоаралық тобына және Халықаралық құқық департаментінің директорына Ердоғанға қарсы шағым дайындауды тапсырды. Израиль Ердоғанды күрдтерге қатысты саясаты және ХАМАС-ты қаржыландырды деген күдік бойынша айыптауды көздеп отыр", - деп жазылған телеарнаның материалында.
Бұл тапсырма Түркия Әділет министрлігінің бұған дейін Интерполға Нетаньяхуға қатысты "қызыл хабарлама" шығаруды сұрап өтініш жіберуіне жауап ретінде берілген.
Израиль ХҚС-қа шағымды өзі бере алады. Алайда телеарнаның хабарлауынша, Израиль билігі бұл істі бастау үшін басқа елдің немесе арнайы делдалдың көмегіне жүгінуі ықтимал.
Израиль де, Түркия да ХҚС-тың негізін қалайтын Рим статутына қосылмаған. Сондықтан екі ел де соттың юрисдикциясын толық мойындамайды.
Ердоған Израильді үнемі қатты сынап келеді. Ол Израиль армиясының Газа секторындағы әрекеттерін "геноцид" деп атады. Ал ХАМАС мүшелерін "қарсылық күрескерлері" деп сипаттайды.
Түркия бұған дейін ХАМАС-тың белгілі жетекшілеріне, соның ішінде Исмаил Хания мен Халед Машальға елде тұруға мүмкіндік беріп, саяси қолдау көрсеткен.
2024 жылдың қараша айының соңында Халықаралық қылмыстық сот Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен Израильдің бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты қамауға алу туралы ордер шығарған. Оларға Газа секторындағы болжамды әскери қылмыстарға қатысты айып тағылған.
Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынас 2023 жылдың қазан айында Газа секторындағы соғыс басталғаннан кейін қатты шиеленісті.
Анкара Израиль билігін палестиналықтарға қатысты шамадан тыс күш қолданды деп бірнеше рет айыптады. Түркия Израильмен сауда қатынасын тоқтатты.
Сонымен қатар Түркия 1967 жылғы шекаралар негізінде, астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетін құруды қолдайды.