https://sputnik.kz/20260930/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-30-qyrkuyek-67153796.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 30 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 30 қыркүйек
Sputnik Қазақстан
30 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 30.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-30T00:01+0500
2026-09-30T00:01+0500
2026-09-30T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1158/05/11580576_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_34e2b50314b2a863939c3c2c728d2dea.jpg
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.30 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиға болды:Жыл сайын 30 қыркүйекте көптеген елде ауызша және жазбаша аудармашылардың кәсіби мерекесі – Халықаралық аудармашы күні аталып өтеді. Аудармашылар болмаса, әдебиет және кино өнерінің көптеген туындысы, ғылым мен техниканың жетістіктері қолжетімді болмас еді, әлем елдерінің адамдары бір-бірімен сөйлесе алмас еді…Солай бола тұра, аудармашылардың кәсіби мерекесі тек 1991 жылы пайда болды, жыл сайын бұл күнді мерекелеу аясында әр түрі баспасөз конференциялары, көрмелер, тренингтер мен семинарлар өткізіледі.Сондай-ақ, әлемнің көптеген елінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен қыркүйектің соңғы күнінде Халықаралық керең-мылқаулар күні аталып өтеді. Мерекені 1951 жылы Халықаралық керең-мылқаулар федерациясы қолданысқа енгізді. Көптеген елде саңырау адамдар қоғамының қалыптаса бастауы мен дамуына саңырауларға арналған мектеп түлектерінің кездесуі мен күш біріктіруі ықпал етті.Бұл күні Ботсвана Республикасының Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні тойланады.1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10-сессиясының шешімімен Бүкіләлемдік теңіз күні қабылданған. Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты – теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару.30 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар:1452 жылы Германияда алғашқы Библия басып шығарылды;1882 жылы АҚШ-та Фокс өзенінде алғашқы су электр станциясы іске қосылды;1902 жылы жасанды жібек – вискоз патенттелді;1938 жылы Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия Мюнхен келісіміне қол қойды;1948 жылы кеңестік көп мақсатты Ми-1 тікұшағы алғашқы рейсін орындады;1949 жылы Батыс Берлинді әуе арқылы қамтамасыз еткен Берлин әуе көпірі аяқталды;1966 жылы Ботсвана Ұлыбританиядан тәуелсіздігін жариялады.30 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:1824 жылы Ресей Сенатының шешімімен Көкшетау бекінісі империяның бекіністі аудандарының ресми реестріне енгізілді;1920 жылы "Мысль" журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журнал түрлі атаумен шықты: "Қазақстанның большевигі", "Қазақстанның коммунисі", "Қазақстанның партиялық тынысы". Тәуелсіздік алғаннан кейін (1992 жылдан бастап) "Мысль" деп аталды;1992 жылы Қазақстан министрлер кабинеті жастар үшін Мемлекеттік "Дарын" сыйлығын тағайындау туралы қаулы қабылдады;1996 жылы Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт мәтініне қол қойды;2000 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Білім" мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойды.30 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар:1207 жылы парсы ақыны, сопы әрі ойшыл Жалаладдин Руми дүниеге келді;1891 жылы кеңес математигі, астроном, солтүстікті зерттеуші Отто Шмидт дүниеге келді;1925 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Вера Васильева дүниеге келді ("Сказание о земле Сибирской", "Свадьба с приданным", "Звезда экрана", "Несовершеннолетие", "Карнавал", "Выйти замуж за капитана фильмдері);1928 жылы жазушы, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Эли Визель дүниеге келді;1939 жылы француз химигі, Нобель сыйлығының лауреаты Жан Мари Лен дүниеге келді;1944 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Татьяна Ткач дүниеге келді ("Белое солнце пустыни", "Место встречи изменить нельзя", "Бег" фильмдері);1964 жылы Италия киноактрисасы әрі фотомодель Моника Белуччи дүниеге келді ("Матрица", "Матрица: Революция", "Страсти Христовы", "007: Спектр" фильмдері);1975 жылы француз актрисасы, "Оскар" сыйлығының лауреаты Марион Котийяр дүниеге келді.30 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді:1884 жылы Алаш қозғалысының қайраткері Ыбырайым Жайнақов дүниеге келді;1903 жылы Қазақ КСР-нің халық әртісі Надежда Самышина дүниеге келді;1923 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Әбдуәлі Еренов дүниеге келді;1934 жылы жазушы, көсемсөзші, ақын, аудармашы, Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Сарбас Ақтаев дүниеге келді;1941 жылы заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Майдан Сүлейменов дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1158/05/11580576_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_aef6a9abc3c090bf8da90cd0d2256bba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 30 қыркүйек
30 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
30 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиға болды:
Жыл сайын 30 қыркүйекте көптеген елде ауызша және жазбаша аудармашылардың кәсіби мерекесі – Халықаралық аудармашы күні аталып өтеді. Аудармашылар болмаса, әдебиет және кино өнерінің көптеген туындысы, ғылым мен техниканың жетістіктері қолжетімді болмас еді, әлем елдерінің адамдары бір-бірімен сөйлесе алмас еді…
Солай бола тұра, аудармашылардың кәсіби мерекесі тек 1991 жылы пайда болды, жыл сайын бұл күнді мерекелеу аясында әр түрі баспасөз конференциялары, көрмелер, тренингтер мен семинарлар өткізіледі.
Сондай-ақ, әлемнің көптеген елінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен қыркүйектің соңғы күнінде Халықаралық керең-мылқаулар күні аталып өтеді. Мерекені 1951 жылы Халықаралық керең-мылқаулар федерациясы қолданысқа енгізді. Көптеген елде саңырау адамдар қоғамының қалыптаса бастауы мен дамуына саңырауларға арналған мектеп түлектерінің кездесуі мен күш біріктіруі ықпал етті.
Бұл күні Ботсвана Республикасының Ұлттық мейрамы — Тәуелсіздік күні тойланады.
1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10-сессиясының шешімімен Бүкіләлемдік теңіз күні қабылданған. Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты – теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару.
30 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар:
1452 жылы Германияда алғашқы Библия басып шығарылды;
1882 жылы АҚШ-та Фокс өзенінде алғашқы су электр станциясы іске қосылды;
1902 жылы жасанды жібек – вискоз патенттелді;
1938 жылы Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия Мюнхен келісіміне қол қойды;
1948 жылы кеңестік көп мақсатты Ми-1 тікұшағы алғашқы рейсін орындады;
1949 жылы Батыс Берлинді әуе арқылы қамтамасыз еткен Берлин әуе көпірі аяқталды;
1966 жылы Ботсвана Ұлыбританиядан тәуелсіздігін жариялады.
30 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар:
1824 жылы Ресей Сенатының шешімімен Көкшетау бекінісі империяның бекіністі аудандарының ресми реестріне енгізілді;
1920 жылы "Мысль" журналының алғашқы нөмірі жарық көрді. Журнал түрлі атаумен шықты: "Қазақстанның большевигі", "Қазақстанның коммунисі", "Қазақстанның партиялық тынысы". Тәуелсіздік алғаннан кейін (1992 жылдан бастап) "Мысль" деп аталды;
1992 жылы Қазақстан министрлер кабинеті жастар үшін Мемлекеттік "Дарын" сыйлығын тағайындау туралы қаулы қабылдады;
1996 жылы Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт мәтініне қол қойды;
2000 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Білім" мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойды.
30 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар:
1207 жылы парсы ақыны, сопы әрі ойшыл Жалаладдин Руми дүниеге келді;
1891 жылы кеңес математигі, астроном, солтүстікті зерттеуші Отто Шмидт дүниеге келді;
1925 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Вера Васильева дүниеге келді ("Сказание о земле Сибирской", "Свадьба с приданным", "Звезда экрана", "Несовершеннолетие", "Карнавал", "Выйти замуж за капитана фильмдері);
1928 жылы жазушы, Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты Эли Визель дүниеге келді;
1939 жылы француз химигі, Нобель сыйлығының лауреаты Жан Мари Лен дүниеге келді;
1944 жылы кеңестік театр және кино актрисасы Татьяна Ткач дүниеге келді ("Белое солнце пустыни", "Место встречи изменить нельзя", "Бег" фильмдері);
1964 жылы Италия киноактрисасы әрі фотомодель Моника Белуччи дүниеге келді ("Матрица", "Матрица: Революция", "Страсти Христовы", "007: Спектр" фильмдері);
1975 жылы француз актрисасы, "Оскар" сыйлығының лауреаты Марион Котийяр дүниеге келді.
30 қыркүйекте Қазақстанда кім дүниеге келді:
1884 жылы Алаш қозғалысының қайраткері Ыбырайым Жайнақов дүниеге келді;
1903 жылы Қазақ КСР-нің халық әртісі Надежда Самышина дүниеге келді;
1923 жылы заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Әбдуәлі Еренов дүниеге келді;
1934 жылы жазушы, көсемсөзші, ақын, аудармашы, Қазақстан мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер Сарбас Ақтаев дүниеге келді;
1941 жылы заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Майдан Сүлейменов дүниеге келді.