Астанада автобус пен көлік соқтығысты

© Photo : Stefan SchweihoferПредупреждающий знак на дороге. Архивное фото
Предупреждающий знак на дороге. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2026
Жазылу
Салдарынан Zeekr жүргізушісі мен оның жолаушысы, сондай-ақ автобуста болған екі адам ауруханаға жеткізілді
АСТАНА, 30 қыркүйек – Sputnik. Астанада автобус пен көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті.
Zeekr жүргізушісі Мәңгілік ел даңғылымен Қабанбай батыр көшесі жағынан келе жатып, Хусейн бен Талал көшесімен қиылыста солға бұрылған.
Сол кезде ол қарсы бағытта келе жатқан автобусқа жол бермеген.
Салдарынан Zeekr жүргізушісі мен оның жолаушысы, сондай-ақ автобуста болған екі адам ауруханаға жеткізілді.
Көлік арнайы тұраққа қойылды. Полиция жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізіп жатыр.
Жол апаты белгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.09.2026
Видео
Қарағанды облысында автобус пен "Газель" соқтығысты
Жаңалықтар
0