https://sputnik.kz/20260929/toqaev-germaniya-prezidentin-altyn-qyran-ordenimen-marapattady-67158493.html
Тоқаев Германия президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Тоқаев Германия президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Sputnik Қазақстан
Президент Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі үлес қосты 29.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-29T21:08+0500
2026-09-29T21:08+0500
2026-09-29T21:08+0500
қасым-жомарт тоқаев
германия
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1d/67158577_0:82:1281:802_1920x0_80_0_0_4a0149995d922ec3e7ec6a8c3969112c.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.Марапаттау салтанатында мемлекет басшысы президент Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі үлес қосқанын атап өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынасты ілгерілетудегі Франк-Вальтер Штайнмайердің рөліне тоқталды."Президент мырза, Сізді Қазақстанның адал әрі сенімді досы, халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде жоғары бағалаймыз. Қазақстан мен Германия арасындағы достықты нығайтуға, ынтымақтастығымызды жандандыруға қосқан қомақты үлесіңізді ескере отырып, Сізге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденін табыстаймын. Бұл марапатты қазақ халқының айрықша құрметі мен шынайы ризашылығының белгісі ретінде қабыл алыңыз", – деді Тоқаев.
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1d/67158577_50:0:1229:884_1920x0_80_0_0_14371a21cb03e7efabfcc02a4aad39a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, германия
қасым-жомарт тоқаев, германия
Тоқаев Германия президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Президент Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі үлес қосты
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, деп хабарлады Ақорда.
Марапаттау салтанатында мемлекет басшысы президент Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі үлес қосқанын атап өтті.
"Сіздің парасатты басшылығыңыз, берік ұстанымыңыз және диалог пен бірлікке бейілдігіңіз зор құрметке лайық. Бұл Германияға әлемдегі серіктестерінің сенімін күшейтіп, ықпалдастыққа жол ашты. Бүгінде Германия – өндірісте, ғылым мен технологияда көш бастаған, дамуы қарқынды инновациялық елдердің бірі", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынасты ілгерілетудегі Франк-Вальтер Штайнмайердің рөліне тоқталды.
"Президент мырза, Сізді Қазақстанның адал әрі сенімді досы, халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде жоғары бағалаймыз. Қазақстан мен Германия арасындағы достықты нығайтуға, ынтымақтастығымызды жандандыруға қосқан қомақты үлесіңізді ескере отырып, Сізге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – "Алтын Қыран" орденін табыстаймын. Бұл марапатты қазақ халқының айрықша құрметі мен шынайы ризашылығының белгісі ретінде қабыл алыңыз", – деді Тоқаев.