Сербия Ресейге қарсы санкциялар енгізуді жоспарлап отырған жоқ - сарапшы

© Sputnik / Екатерина Лызлова / Медиабанкке өту"Валдай" пікірталас клубы
Валдай пікірталас клубы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Біз Ресейге қатысты достық және бауырластық саясатымызды жалғастырамыз, дейді спикер
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Сербия Ресейге қарсы санкциялар енгізуді жоспарлап отырған жоқ, деп мәлімдеді Белградтағы Сербияның Қазіргі заман тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Александр Ракович РИА Новостиге берген сұхбатында.
Сербия президенті Александр Вучич 27 қыркүйекте мемлекет басшысы қызметінен кету туралы өтінішке қол қойды. Президент сайлауы желтоқсан айының соңына жоспарланған.

"Біз Ресейге қатысты достық және бауырластық саясатымызды жалғастырамыз. Бізге Батыстан Ресейге қарсы санкциялар енгізу туралы үндеулер келіп түсті, бірақ біздің үкіметіміз оларды қабылдаған жоқ және болашақта да қолданбаймыз. Өйткені бұл біздің халқымыз үшін жеңіліс болар еді", - деді Ракович агенттіктің "Валдай" пікірталас клубының аясындағы сұрағына жауап ретінде.

Мәскеу облысындағы "Валдай" халықаралық пікірталас клубының ХХІІІ отырысына 40 елден 120 сарапшы қатысады. Кездесудің негізгі тақырыбы - "Болашақ үшін жауапкершілік: мүмкіндіктер шегі немесе шексіз мүмкіндіктер?".
Бірінші күн "Валдайдың" жыл сайынғы есебінің тұсаукесерінен басталды. Келесі күні тақырыптық сессиялар, ашық пікірталас және Ресей үкіметінің өкілдерімен кездесулер өтеді.
Кездесудің негізгі іс-шарасы - 1 қазандағы пленарлық отырыс.
Валдай халықаралық пікірталас клубының отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
"Валдай" клубының сарапшысы ЕО-ның Украинаға арналған қаражаты қашан таусылатынын айтты
Жаңалықтар
0