Риелторлардың ақысы бекітілуі мүмкін – заң жобасы әзірленді

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКлючи от квартиры, архивное фото
Ключи от квартиры, архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Заң жобасы аясында риелторлық қызметтің кәсіби стандарты әзірленеді
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Риелторлық қызметті реттеуге арналған заң жобасы Құрылтай қарауына ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
PANA Ұлттық риелторлар палатасының мәліметінше, бүгінде риелторлық қызмет нарығында шешімін таппаған бірқатар мәселе бар. Олардың қатарында:
риелторлардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінің болмауы;
мамандардың біліктілігі мен қызмет көрсету сапасына қойылатын ортақ талаптардың жоқтығы;
қызмет құнының ашық көрсетілмеуі;
клиенттердің құқықтарын қорғау тетіктерінің әлсіздігі.
"Қазіргі таңда клиент комиссияның қалай есептелетінін, бұл сомаға нақты қандай қызметтер кіретінін және құқықтары бұзылған жағдайда қайда жүгіну керектігін біле бермейді", – дейді сарапшылар.
Заң жобасы аясында риелторлық қызметтің кәсіби стандарты да әзірленеді. Оның негізгі мақсаты – мамандарға қойылатын талаптарды белгілеу және көрсетілетін қызметтердің сапасын нақтылау.
PANA Ұлттық риелторлар палатасының вице-президенті Әсет Айтбаевтың айтуынша, енгізілетін өзгерістердің басты нәтижесі – клиент үшін қызмет көрсету тәртібінің барынша түсінікті әрі ашық болуы.
"Атап айтқанда, маманды алдын ала тексеру мүмкіндігі, қызметтің құны мен мазмұнын алдын ала түсіну және құқықтары бұзылған жағдайда оларды қорғаудың нақты әрі түсінікті тетігі болуы керек", – деді Айтбаев.
Айта кетері, PANA бүгінде риелторларды прокторинг арқылы онлайн сертификаттаудың пилоттық жобасын іске қосты. Сертификаттау үшін 1 000-нан астам сұрақтан тұратын база әзірленген.
Сонымен қатар ұйым мамандардың ашық тізілімін қалыптастырып, кәсіби оқыту шараларын бастаған.
Жаңалықтар
0