https://sputnik.kz/20260929/qazaqstan-men-germaniya-birlesken-su-khabyn-quru-maselesin-pysyqtap-zhatyr-67133194.html
Қазақстан мен Германия бірлескен су хабын құру мәселесін пысықтап жатыр
Қазақстан мен Германия бірлескен су хабын құру мәселесін пысықтап жатыр
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта министрлік хаб тұжырымдамасының жобасын әзірледі 29.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-29T08:41+0500
2026-09-29T08:41+0500
2026-09-29T10:15+0500
қазақстан
германия
су
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57725765_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7b0474af17dba555b33ef7c556f43a6e.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайке Ренате Пайчпен кездесті.Тараптар су саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.Су хабын құру туралы ұсыныс Берлиндегі "Қазақстан мен Германияның су саласындағы стратегиялық әріптестігі: жаңа деңгей" тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында таныстырылған болатын. Қазіргі уақытта министрлік хаб тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Құжат су саласындағы 300-ден астам компанияны біріктіретін German Water Partnership (GWP) неміс қауымдастығына келісу үшін жолданды."Бірлескен су хабын құруды Қазақстан мен Германияның мемлекеттік органдары, бизнес өкілдері, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтары өзара іс-қимыл жасайтын, заманауи технологияларды сынақтан өткізіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыратын практикалық алаң қалыптастыру ретінде қарастырамыз", – деді Нұржан Нұржігітов.Тараптар Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын іске асыруға неміс технологияларын, инженерлік шешімдері мен сарапшылық тәжірибесін тарту мүмкіндіктерін қарастырды.
https://sputnik.kz/20260921/su-unemdeletin-alqaptar-kolemi-ush-esege-zhuyq-osti-66865561.html
қазақстан
германия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57725765_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4ca45bc049ba01695f88f0727cc87839.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, германия, су
Қазақстан мен Германия бірлескен су хабын құру мәселесін пысықтап жатыр
08:41 29.09.2026 (жаңартылды: 10:15 29.09.2026) Қазіргі уақытта министрлік хаб тұжырымдамасының жобасын әзірледі
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хайке Ренате Пайчпен кездесті.
Тараптар су саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
"Атап айтқанда, Қазақстан-Германия су хабын құру мәселесі қаралды. Бұл – технологиялар алмасуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және пилоттық жобаларды дамытуға арналған платформа", - деп жазылған хабарламада.
Су хабын құру туралы ұсыныс Берлиндегі "Қазақстан мен Германияның су саласындағы стратегиялық әріптестігі: жаңа деңгей" тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында таныстырылған болатын. Қазіргі уақытта министрлік хаб тұжырымдамасының жобасын әзірледі. Құжат су саласындағы 300-ден астам компанияны біріктіретін German Water Partnership (GWP) неміс қауымдастығына келісу үшін жолданды.
"Бірлескен су хабын құруды Қазақстан мен Германияның мемлекеттік органдары, бизнес өкілдері, ғылыми және сарапшылық қауымдастықтары өзара іс-қимыл жасайтын, заманауи технологияларды сынақтан өткізіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыратын практикалық алаң қалыптастыру ретінде қарастырамыз", – деді Нұржан Нұржігітов.
Тараптар Қазақстанның су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын іске асыруға неміс технологияларын, инженерлік шешімдері мен сарапшылық тәжірибесін тарту мүмкіндіктерін қарастырды.