Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы жеті айда 2,6 млрд доллардан асты

© Sputnik / Владислав ВодневФлаг Казахстана нарисованный на грузовике
Флаг Казахстана нарисованный на грузовике - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев сауда-экономикалық және инвестициялық байланыс қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорда.
© Пресс-служба президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Касым-Жомарт Токаев и Франк-Вальтер Штайнмайер провели переговоры в расширенном составе. - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Тоқаев 2025 жылы екіжақты тауар айналымы 4,5 миллиард долларға жеткенін атап өтті.
"Биыл да оң қарқын сақталып отыр. Жыл басынан бергі 7 айда өзара сауданың көлемі 2,6 миллиард доллардан асты. Қазақстанда неміс капиталы бар 1400-ден астам компания тіркелген. Жиырма жыл ішінде Германиядан тартылған инвестицияның жалпы көлемі 8 миллиард долларды құрады", – деді Қазақстан президенті.
Келіссөз барысында екі елдің мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту мәселесіне айрықша мән берілді. Атап айтқанда, мемлекеттер басшылары білім, медицина және мәдениет салаларындағы ықпалдастықты одан әрі жандандыруға бейіл екенін растады.
Президенты Казахстана и ФРГ провели переговоры в узком формате - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Қазақстан мен Германия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Жаңалықтар
0