Емізіп отырып ұйықтап қалған: Ақмола облысында сәби тұншығып көз жұмды

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка закрывает лицо руками, архивное фото
Девушка закрывает лицо руками, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Әйел қонақтан мас болып келген
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысындағы Ақкөл ауданының тұрғыны баланы емізіп отырып ұйықтап қалған. Сәби тұншығып көз жұмды.
Сот материалдарына сәйкес, ол қонақтан мас болып келген. Кейін сәбиін емізіп отырып ұйықтап қалған.
Оянған кезде әйел баласының қимылсыз жатқанын байқаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер нәрестенің тұншығып қайтыс болғанын анықтаған.
Сотта әйел кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін айтты.
Сот шешімімен оған 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.
Ножка младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2022
Қоғам
Ақтөбеде бес айлық баланы далада қалдырып кеткен мас анаға қатысты шешім шығарылды
Жаңалықтар
0