Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 қыркүйек

© Sputnik / Владислав Воднев 29 қыркүйек – күнтізбе
 29 қыркүйек – күнтізбе - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
29 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен ерекшеленетінін Sputnik дереқорынан оқыңыз.

29 қыркүйекте әлемде қандай мереке аталып өтеді

Бүгін Дүниежүзілік жүрек күні. Бұл күн алғаш рет 1999 жылы Дүниежүзілік жүрек федерациясының бастамасының арқасында аталып өтілді. Мереке қыркүйек айының соңғы жексенбісінде аталып өтілді, ал 2011 жылдан бастап ол күн 29 қыркүйекке белгіленді.
Бүгін Ресейде отоларинголог күні де мерекеленеді.
Бұл күні сонымен қатар азық-түліктің шығыны мен тағамдық қалдықтар туралы хабардар етудің халықаралық күнін атап өтеді. Бұл күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы 2019 жылы белгіледі. Дүние жүзінде азық-түлік теңсіздігі қалыптасып жатыр: кейбір жерлерде адамдар шамадан тыс тамақ ішіп, орасан көп тамақты лақтырып тастаса, басқалар үнемі аштықтан зардап шегеді.
Бүгін күзгі жалғыздық күні. Кейде саябақта немесе қала көшелерінде жалғыз серуендеу адам миы мен психологиясына пайдалы. Әрі десе, бұл күзгі оқшауланудың ерекше философиясы іспеттес.

29 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1650 - Лондонда әлемдегі алғашқы неке қию агенттігі ашылды;
1897 - әлемде алғаш рет танго биі орындалды. Бұл Буэнос-Айресте, "Олимпо" театрында, "Креол соты" спектаклінің премьерасында болды;
1907 – Санкт-Петербургте бірінші трамвай іске қосылды;
1916 - Standard Oil негізін қалаушы Джон Рокфеллер әлемдегі алғашқы миллиардер бизнесмен атанды;
1951 – Юпитердің серігі Ананке анықталды;
1983 – Ан-74 ұшағының алғашқы ұшуы орындалды;

29 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 – Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті;
1994 жыл – Польшада өткен суда бағдарлау бойынша халықаралық жарыста Қазақстан құрамасы ел тарихында бірінші болып жалпы командалық есепте жеңіске жетіп, алтын медаль алды;
2005 жыл – 1999 жылы жүргізілген тарихтағы бірінші ұлттық халық санағының нәтижелері туралы аналитикалық есеп жарияланды.

29 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

1547 жылы "Айлакер идальго Дон Кихот Ламанчский" романымен танымал испан жазушысы Мигель де Сервантес дүниеге келген;
1571 жылы италиялық суретші Микеланджело Меризи да Караваджо (1610 жылы қайтыс болды) дүниеге келді;
1904 жылы кеңес жазушысы, "Болат қалай шыңдалған" романының авторы Николай Островский дүниеге келді.

29 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

1966 жылы Қазақстанның бұрынғы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев дүниеге келді.
Жаңалықтар
0