Астанада әйелдің өлімінен кейін полицияның бұрынғы төрт қызметкері ұсталды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Қызметтік міндеттеріне салғырт қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Астанада 30 жастағы әйелдің өлімінен кейін полицияның бұрынғы төрт қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
22 қыркүйекте әйел пышақ жарақатын алған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Осыдан кейін Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті жауапты қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру жүргізді.
"Тексеру нәтижесінде төрт қызметкер теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Екі аудандық полиция басқармасының бастықтары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ Астана қаласы полиция департаменті бастығының бір орынбасары қызметінен босатылды", – делінген ресми хабарламада.
Департамент бастығы мен оның тағы бір орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, қызметтік міндеттеріне салғырт қарау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы іс аясында полицияның бұрынғы төрт қызметкері ұсталды.
Еске сала кетейік, Астанада ер адам бұрынғы әйелін автотұрақта пышақтап өлтірген еді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Астанада ер адам бұрынғы әйелін өлтірді
Жаңалықтар
0