АҚШ барлық тараптың мүддесін ескеруге мәжбүр болады – Лавров

© МИД РоссииМинистр иностранных дел РФ Сергей Лавров
Министр иностранных дел РФ Сергей Лавров  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Қазір АҚШ өз мүддесін біржақты ілгерілетуге ұмтылып отыр, деп атап өтті Ресей СІМ басшысы
АЛМАТЫ, 29 қыркүйек – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың уақыт өте келе барлық тараптың мүддесін ескеруге мәжбүр болатынын айтты.
Бұл туралы ол "Валдай" халықаралық пікірталас клубының XXIII отырысында өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрағына жауап бере отырып мәлімдеді.
"Қазір АҚШ өз мүддесін біржақты түрде ілгерілетуге ұмтылып отыр. Алайда Америка Құрама Штаттары Ресей, Қытай сияқты елдермен байланыс орнатуға мәжбүр. Бұл келіссөздер барысында екі тараптың да мүддесіне сай келетін қадамдар талқыланады", – деді Лавров.
"Мен "өмірдің өзі мәжбүр етеді" деп атаған ұғымның мәні де осында", – деп толықтырды Ресей СІМ басшысы.
"Валдай" халықаралық пікірталас клубының XXIII отырысы 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтіп жатыр.
Жаңалықтар
0