Жеңіл өнеркәсіп тауарлары міндетті түрде таңбаланады

© PhotoМинистр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев в рамках рабочей поездки в Карагандинскую область посетил ряд крупных промышленных предприятий Казахстана.
Министр промышленности и строительства РК Ерсайын Нагаспаев в рамках рабочей поездки в Карагандинскую область посетил ряд крупных промышленных предприятий Казахстана.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Жазылу
Өнімнің әр данасына Data Matrix коды қойылады
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп тауарларын міндетті цифрлық таңбалау 2026 жылдың 1 желтоқсанынан бастап кезең-кезеңімен енгізіледі, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Бұл ЕАЭО елдерінің тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімі талаптарын орындау аясында жүзеге асырылады.
"Бірінші кезеңде былғары және жасанды үлбірден жасалған бұйымдар, киімдердің жекелеген түрлері, шаңғы костюмдері, сондай-ақ кейбір тоқыма бұйымдары таңбаланады", - деп жазылған хабарламада.
2027 жылғы 1 наурыздан бастап сырт киімнің жекелеген түрлері, жейделер, свитерлер, пуловерлер және басқа да тауарлар міндетті таңбаланады. Ал 2027 жылғы 1 қазаннан бастап бұл талап костюмдерге, пиджактарға, көйлектерге, белдемшелерге, шалбарларға, спорттық костюмдерге және басқа да киім түрлеріне қатысты болады.
Әр тауарға бірегей Data Matrix коды түсіріледі. Сатып алушылар Naqty Onim қосымшасы арқылы кодты сканерлеп, өнім туралы ақпаратты тексере алады.
Таңбалаудың негізгі мақсаты – заңсыз айналым мен контрафактілік өнім көлемін азайтып, нарықтың ашықтығын арттыру.
Жаңалықтар
0