https://sputnik.kz/20260928/yasmina-toqsanbaevaga-syyaqy-tolyq-kolemde-tolenedi---zhenil-atletika-federatsiyasy-67104040.html
Ясмина Тоқсанбаеваға сыйақы толық көлемде төленеді - Жеңіл атлетика федерациясы
Ясмина Тоқсанбаеваға сыйақы толық көлемде төленеді - Жеңіл атлетика федерациясы
Sputnik Қазақстан
Федерация Ясминаның құқықтары мен мүддесін қорғау жұмысын әрі қарай жалғастырады 28.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-28T16:20+0500
2026-09-28T16:20+0500
2026-09-28T16:25+0500
жапония
жеңіл атлетика
қазақстан құрамасы
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1c/67100963_78:88:1280:764_1920x0_80_0_0_756639349eea997aeb576c0a10cfcf72.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Жеңіл атлетика федерациясы жарыс кезінде аяқ киіміне наразылық беріліп, алтын медалінен айырылған жазғы Азия ойындарының қатысушысы Ясмина Тоқсанбаеваға чемпионға тиесілі сыйақы толық көлемде төленетінін хабарлады.Жалпы феерация хабарлауынша, дау тудырған спортшының аяқ киімі алдын ала тексерілген.World Athletics ұйымының рұқсат етілген аяқ киімдер тізімінде ASICS бренді көрсетілген. Алайда Ясмина жарыста пайдаланған аяқ киімнің нақты моделі аталған тізімде болмаған.Сонымен бірге Федерация өз жауапкершілігін де жоққа шығармайтынын хабарлады."Осы тұста ел спортшыларының халықаралық аренадағы мүддесін қорғау жұмысын одан әрі күшейту қажет деп санаймыз. Кешенді халықаралық жарыстарда бұл бағыттағы жұмыс Ұлттық Олимпиада комитетінің үйлестіруімен жүзеге асырылады", - дейді федерация.Федерацияда хабарлағандай, спортшы жарысқа шыққанда өзінің дайындығына, сонымен қатар құқықтары мен мүддесі кәсіби деңгейде қорғалатынына да сенімді болуы керек.Еске салайық, Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафондық қашықтықта өнер көрсетіп, 42,195 шақырымды 3:22:20 уақытта бағындырды. Нәтижесінде Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алтын жүлде әкелген болатын.Алайда жарыстан кейін спортшының жарыс жолында пайдаланған аяқ киіміне қатысты наразылық берілді. Кейін спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл нәтиженің жойылғанын хабарлады.
https://sputnik.kz/20260928/yasmina-toqsanbaeva-aziya-oyyndarynyn-altyn-medalinen-ayyryldy-67086840.html
жапония
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/1c/67100963_317:76:1280:798_1920x0_80_0_0_d851cce70b78c2ffedd943d47bcc6a37.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жапония, жеңіл атлетика, қазақстан құрамасы
жапония, жеңіл атлетика, қазақстан құрамасы
Ясмина Тоқсанбаеваға сыйақы толық көлемде төленеді - Жеңіл атлетика федерациясы
16:20 28.09.2026 (жаңартылды: 16:25 28.09.2026) Федерация Ясминаның құқықтары мен мүддесін қорғау жұмысын әрі қарай жалғастырады
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Жеңіл атлетика федерациясы жарыс кезінде аяқ киіміне наразылық беріліп, алтын медалінен айырылған жазғы Азия ойындарының қатысушысы Ясмина Тоқсанбаеваға чемпионға тиесілі сыйақы толық көлемде төленетінін хабарлады.
Жалпы феерация хабарлауынша, дау тудырған спортшының аяқ киімі алдын ала тексерілген.
World Athletics ұйымының рұқсат етілген аяқ киімдер тізімінде ASICS бренді көрсетілген. Алайда Ясмина жарыста пайдаланған аяқ киімнің нақты моделі аталған тізімде болмаған.
"Жарыс басталғанға дейін спортшының аяқ киімі тексеріліп, жарысқа қатысуына рұқсат берілген. Осыған байланысты федерация Ясминаның құқықтары мен мүддесін қорғау жұмысын әрі қарай жалғастырады", - дейді федерацияда.
Сонымен бірге Федерация өз жауапкершілігін де жоққа шығармайтынын хабарлады.
"Осы тұста ел спортшыларының халықаралық аренадағы мүддесін қорғау жұмысын одан әрі күшейту қажет деп санаймыз. Кешенді халықаралық жарыстарда бұл бағыттағы жұмыс Ұлттық Олимпиада комитетінің үйлестіруімен жүзеге асырылады", - дейді федерация.
Федерацияда хабарлағандай, спортшы жарысқа шыққанда өзінің дайындығына, сонымен қатар құқықтары мен мүддесі кәсіби деңгейде қорғалатынына да сенімді болуы керек.
"Біз үшін Ясмина – чемпион. Федерация оны қолдауды жалғастырады. Біздің жіберген шағымымыз бен наразылығымыздың нәтижесіне қарамастан, чемпионға тиесілі барлық сыйақы Федерацияның өз қаражаты есебінен толық көлемде төленеді", - деп хабарлады федерацияда.
Еске салайық, Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафондық қашықтықта өнер көрсетіп, 42,195 шақырымды 3:22:20 уақытта бағындырды. Нәтижесінде Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алтын жүлде әкелген болатын.
Алайда жарыстан кейін спортшының жарыс жолында пайдаланған аяқ киіміне қатысты наразылық берілді. Кейін спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл нәтиженің жойылғанын хабарлады.