Tarlan Astana-ға мінген жолаушылар саны 10 миллионнан асты

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT
Касым-Жомарт Токаев запустил работу Astana LRT  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Жазылу
Жол ақысын бірнеше тәсілмен төлеуге болады
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Астанада Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігі іске қосылғалы бері онымен жүрген жолаушылар саны 10 миллионнан асты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты CTS-ке сілтеме жасап.
Қыркүйек айында жеңіл рельсті көліктің орташа тәуліктік жолаушылар легі шамамен 80 мың адамды құрады.
Жолаушылар арасында ең көп сұранысқа ие станциялар:
1.
"Университет" – 1 463 953 жолаушы;
2.
"Бәйтерек" – 1 208 610 жолаушы;
3.
"Нұрлы жол" – 1 060 068 жолаушы.
Жол ақысын бірнеше тәсілмен, соның ішінде көлік картасы, банк картасы және байланыссыз төлем әдістері арқылы төлеуге болады.
Гвардейцы начали патрулировать LRT - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2026
Tarlan Astana станцияларында бақылау күшейді
Жаңалықтар
0