Каспийдегі трагедия: Қорғаныс министрлігі екі матросқа қатысты мәлімдеме жасады

© Минобороны КазахстанаНа Каспии продолжается поисковая операция
На Каспии продолжается поисковая операция - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Жазылу
Министрлік қазақстандықтарды "тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға және ресми мәліметтерге сүйенуге" шақырды
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрлігі бұған дейін Каспий теңізінде қаза болған әскери қызметшілердің қатарында болды деп есептелген екі матросқа қатысты ресми мәлімдеме таратты.
"Әлеуметтік желіде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов пен Мағауия туралы таралып жатқан ақпаратқа байланысты мынаны хабарлаймыз. Әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындады", – деп атап өтті ведомство.
Министрліктің мәліметінше, мерзімді әскери қызметтегі Ахметов пен Мағауия "жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болған".
Аталған матростар қазіргі уақытта "әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр", – деп атап өтті ведомство.
Қорғаныс министрлігі қазақстандықтарды "тексерілмеген және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға, сондай-ақ ресми мәліметтерге сүйенуге" шақырды.

Каспийдегі қайғылы оқиға

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында метеорологиялық жағдайдың күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді толқын алып кеткен.
Бастапқыда 19 әскери қызметшіні теңізге толқын алып кеткені туралы ақпарат тарады. Кейін министрлік 17 матрос туралы мәлімет берді. Олардың 14-і қаза тапты.
Жаңалықтар
0