"Баланы күйеуінен тапқан жоқ": аңдамай сөйлеген әйел сот алдынан бір-ақ шықты

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Жазылу
Қарағандыда жала жапқан әйелге 484 мың теңге айыппұл салынды
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қарағандыда басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәлімет таратқан әйелдің ісі қаралды, деп хабарлады облыстық сот.
Сот 2026 жылдың 12 маусымында сотталушы басқа біреулерге жәбірленушіге қатысты жалған мәлімет бергенін анықтады. Атап айтқанда, ол "баланы күйеуінен тапқан жоқ" деген сөз айтқан.
"М.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, куәлардың түсініктемелерімен және сот отырысында зерттелген басқа да дәлелдемелермен расталды", - деп жазылған хабарламада.
Соттың 12 тамыздағы қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 160 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 30% жеңілдік қолданылғаннан кейін, әйел 484 400 теңге айыппұл төлейтін болды.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Тренировка сборной по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2024
"Қайдан шыққан жала": Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа жауап берді
Жаңалықтар
0