https://sputnik.kz/20260928/balalarga-protezdik-ortopediyalyq-buyymdar-tegin-beriledi-67088944.html
Балаларға протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі
Балаларға протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі
Sputnik Қазақстан
Протездік-ортопедиялық көмек алу үшін басқа елді мекенге бару қажет болса, жол шығынын өтеу қарастырылған 28.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-28T14:16+0500
2026-09-28T14:16+0500
2026-09-28T14:16+0500
бала
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/252/10/2521083_0:283:5184:3199_1920x0_80_0_0_3e099b4e0e2fd0f4fb91b8afbd2abd3c.jpg
АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж балаларға протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Бұл ретте әр балаға жеке тәсіл қолданылады. Яғни бұйым баланың денсаулығына, дене бітімінің ерекшеліктеріне және нақты қажеттілігіне қарай таңдалып, жеке өлшеммен дайындалады.Протездік-ортопедиялық көмек алуға құқығы бар азаматтарға жеке өлшеммен жасалатын бұйымдар медициналық көрсетілімдер мен белгіленген тәртіпке сәйкес тегін беріледі. Бұл отбасыларға қажетті бұйымдарды қосымша шығынсыз алуға мүмкіндік береді."Бұдан бөлек, протездік-ортопедиялық көмек алу үшін басқа елді мекенге бару қажет болса, жол шығынын өтеу қарастырылған. Жол шығындары жылына екі реттен артық өтелмейді. Ал ұсақ протездік-ортопедиялық құралдарды алу кезінде жол шығыны бір рет өтеледі. Сондай-ақ баланы протездік-ортопедиялық көмек алуға алып барған адамның жол шығыны да бір рет өтеледі", – дейді мамандар.
https://sputnik.kz/20251223/kasipkerlerge-bukhgalterlik-qyzmet-tegin-usynylady--59840999.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/252/10/2521083_163:0:4771:3456_1920x0_80_0_0_c6beea9baf23d310a6cedd7d00f42e54.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бала, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
бала, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Балаларға протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі
Протездік-ортопедиялық көмек алу үшін басқа елді мекенге бару қажет болса, жол шығынын өтеу қарастырылған
АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж балаларға протездік-ортопедиялық бұйымдар тегін беріледі, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Бұл ретте әр балаға жеке тәсіл қолданылады. Яғни бұйым баланың денсаулығына, дене бітімінің ерекшеліктеріне және нақты қажеттілігіне қарай таңдалып, жеке өлшеммен дайындалады.
"Ортезді баланың жасына, сыртқы келбетіне немесе басқа да белгілеріне қарап өз бетінше таңдауға болмайды. Алдымен маманға жүгіну қажет. Маман баланың денсаулығы мен қозғалу мүмкіндігін бағалап, ортездің қажет-қажет еместігін анықтайды. Содан кейін қажетті бұйымның түрі таңдалып, баланың жеке өлшемдері алынады. Осы өлшемдер негізінде ортез дайындалады", – дейді министрлік.
Протездік-ортопедиялық көмек алуға құқығы бар азаматтарға жеке өлшеммен жасалатын бұйымдар медициналық көрсетілімдер мен белгіленген тәртіпке сәйкес тегін беріледі. Бұл отбасыларға қажетті бұйымдарды қосымша шығынсыз алуға мүмкіндік береді.
"Бұдан бөлек, протездік-ортопедиялық көмек алу үшін басқа елді мекенге бару қажет болса, жол шығынын өтеу қарастырылған. Жол шығындары жылына екі реттен артық өтелмейді. Ал ұсақ протездік-ортопедиялық құралдарды алу кезінде жол шығыны бір рет өтеледі. Сондай-ақ баланы протездік-ортопедиялық көмек алуға алып барған адамның жол шығыны да бір рет өтеледі", – дейді мамандар.